Top
a

Театр сыныбы

Тақырыбы: Ішкі және сыртқы тыныс бұлшық еттерін анықтау Адамның тыныс алу жүйесі - адамның сыртқы тыныс алу қызметін қамтамасыз ететін органдар жиынтығы. Әдеттегі тыныс диафрагма және сыртқы бұлшықеттердің белсенділігімен байланысты. Тыныс алғанда диафрагма төмендейді, қабырғалары көтеріледі, олардың арасындағы қашықтық артады. Дем шығару көбінесе пассивті, ал ішкі қабырғааралық бұлшықеттер мен іш қуысы бұлшықеттері белсенді жұмыс істейді. Дем шығарған кезде диафрагма көтеріліп, қабырғалары төмен түседі, олардың арасындағы қашықтық азаяды. Кеуде қуысын кеңейту әдісімен тыныс алудың екі түрі ажыратылады: кеудедегі тыныс алу - кеуде қуысының кеңеюі;іштің тынысы - кеуде қуысының кеңеюі диафрагманы тегістеу арқылы жасалады; Икемді, қоңыр, әдемі дауыс - бұл ең алдымен дұрыс дем алудың арқасы. Демек демді

Тақырыбы:  Қан айналу процесі Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.  Сахна тілінде де қан айналу процесіне үлкен мән берген жөн. Демді дұрыс алмасақ, басымыз айналады. Сол себепті демнің дұрыс алу жолы - ол аралас –диафрагмалық дем алу жолы, яғни толық тыныс алу. Адамның  жүріс –тұрысы, отырысы, денесін ұстауы барлығы дұрыс болу үшін адамда   қан айналымы дұрыс болу керек. Өкпедегі көмірқышқыл газды шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен байланысқа түсуі, көмірқышқыл газы ұлпалары қанға өту арқылы оттегі беруді жеңілдетеді. Қан айналу процесін дұрыстау үшін алдымен  дұрыс дем алуды үйренуіміз керек Олай болса жаттығуларды

Тақырыбы: Комплексті дауыс жаттығулары Мақсаттылық жаттығулар артикуляциялық аппаратты керек дыбыстарды дұрыс айтуына дайындауына көмектеседі. Бұл жаттығулар, дыбыстың дұрыс артикуляциясынан таңдалып алынған, сондықтан оларды комплекстерге бірлестіру қажет. Әрбір комплекс еріннін, тілдің белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап, бағытталған ауа үрлеуін шығаруды дағдыландырады, яғни, дыбыстың дұрыс шығаруына керектісін дайындайды. Артикуляциялық гимнастикасы еріннің және тілдің негізгі, барлық дыбыстардың анық, дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарынан және қалыптарынан басталуы керек. Тапсырма: Ерінді күлімсіретіп ұстау, алдыңғы, жоғарғы және астыңғы тістер көрініп тұрады. Ерінд іалға қарай созу («Керней») Еріннін қалыптарын кезектестіру: ерінді күлімсірету-керней Ауызды жайбырақат ашып-жұму, ерін күлімсіреп тұрады Тілді жалпыйтып ұстау Тілді жіңішкертіп ұстау Тілдің қалыптарын кезектеп жасау: жалпақ-жіңішке Тілді жоғарғы тістердің артына көтеріп ұстау Тілді кезекпен: жоғарыға көтеріп-астына түсіру Тілдің мынадай қалыптарын кезектеу (тілдің

Тақырыбы: Аралас диафрагмалық немесе толық тыныстау          Жалпы дем алудың баршаға белгілі 3 түрі бар. Олар:  кеудемен дем алу, ішпен дем алу, аралас-диафрагмалық , яғни толық дем алу.  Айтар болсақ, алғашқы  айтылған дем алудың екі түрі сөйлеу сазын дамытуға тиімсіз әдіс.  Бұл арада үшінші әдіс- аралас-диафрагмалық  яғни, толық  тыныс алу  жайында даралап айтудың артықшылығы мол. Бұндай демалыста кеуде  бұлшықеттері мен іш қатпары бір мезгілде жұмыс жасайды.  Толық дем алған тұста- кеуде көкіректей кеңіп, дыбыс жолдары ашыла түседі. Сөйлеу сазын дұрыс жолға қоюдың ең тиімді тыныс үлгісі міне, осы.  Ол үшін мынадай машықтау жұмыстарын жүргізу керек. Фонациялық  дем алумен шұғылданбас бұрын

Тақырыбы:    Кедергілерді  қатыстыра отырып, этюд жасау Кедергілер-  қарапайым өмірде жиі кездесетін құбылыс. Кедергілерсіз өміріміз де, мақсатқа жету жолымыз да өте қызықсыз болар еді. Жалпы кедергі дегеніміз- мақсатқа жету жолындағы  жағдайлардан өту процесі.  Мысалы, сізге шұғыл  қоңырау шалды, қолыңыз су, сенсорға басылмай жатыр, сіз тұтқаны  ала алмай тұрсыз.  Бұндағы сулы қолыңыз- бұл  кедергі.  Немесе,  алдыңызда қарбыз тұр, енді жей бергенде маса ызыңдап пайда болды. Осы орайда маса- кедергі, тсс

Тақырыбы:    3-5 жастағы балалар этюды Балалар – қуыршақтар, аюлар, пойыздардың ойыншық екенін түсінеді, бірақ олармен ойнай бастағанда, бұл ойыншықтар назар мен сүйіспеншілікті қажет ететін тіршілік иесіне айналады. Мысалы: Сіздің жасыңыз үште.  Сүйікті машинаңызбен ойнап отырсыз, кенет,  ол диванның астына сырғып кетеді. Оны алып шығуға қолыңыз жетпейді, немесе, 5 жасар баласыз- үйде доп лақтырып ойнап отырып , байқаусызда анаңыздың сүйікті гүлін сындырып алдыңыз

Тақырыбы:    Этюдтағы мақсат әрекетті анықтау Сонымен этюд дегеніміз - басы, ортасы, аяғы мен шешімі бар  кішігірім көрініс. Этюдта  басталуы,жалғасуы және қорытындысы болады. Әдетте, этюдттар 3-5 минутқа созылады, одан артық болмайды.  Әр этюдтың мақсат әрекетін белгілеп алуымыз керек, мен не істеп жүрмін, неге, кім үшін?  деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Этюд барысында актер шеберлігінің 5 элементін ойнатуымыз керек: көру, есту,сезу, бағалау, қортындылау. Мысалы:  «мысық» тамақ бар табаққа келіп, дәмді нәрсені  көреді, дәмін татып, риза болды.  Әрі қарай мақсат әрекет қалай өзгеруі мүмкін? Міне, үй тапсырмасына ойластырып жазыңыз. Тапсырма: Осы этюдтың мақсат әрекетін ойлап текст түрінде жазып,ойластыру .

Тақырыбы: Оқушының сахнадағы еркіндігін ашатын тренинг жаттығулар Сахналық еркіндік-  біріншіден, ойнап жатқан жағдайға  сенімнен басталады.  Яғни, сіздер сахнада жасап жатқан әрекетке  сенулеріңіз керек. Міне сонда ғана актерлік ойын  еркін, шынайы болып шығады, сонда ғана өзіңнің әрекетің мен қимылыңның, айтқан сөздерің мен интонацияңның шынайы болуына қол жеткізе аласыз. Қажеттілігіне сену деген нені білдіреді? Бұл деген ешқандай да басқа әрекет, қимыл сөздер, қозғалыстар қажет емес, тек осы өзі орындап жатқан іс-әрекеті, айтқан сөздері ғана қажет екенін ұғыну.    Егер де сен сәл-пәл ғана болса да өзіңнің сахналық мінез-құлқыңның дұрыстығына күмән келтірсең, сол сәтте сен өзіңнің сахналық еркіндігіңнен айрыласың, сенің ойының сенімділігін жоғалтады және көрермен ол сахналық ойынның

Тақырыбы: «Өзбек», «Қырғыз»театрлары Өзбек театры 1929 жылы әр түрлі труппалар негізінде Самарқанда алғашқы Өзбек драма театры құрылды. Қазіргі кезде Өзбекстанда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары  жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған. 1924 жылы Бухкино серіктестігі құрылып, 1925 жылы «Өзбек мемлкино» тресі мен «Шарқ юлдузи» кинофабрикасы ашылды. 1937 жылы «Акт» атты тұңғыш дыбысты фильм түсірілді. Қырғыз драма театры ( Мемлекет  Еңбек Қызыл Ту орденді академиялық драма театры)-Қырғыз КСР –інің жетекші драма театры 1941 жылы Фрунзеде құрылды.Театрдың алғашқы постановкалары ГИТИС –ті бітірушілердің дипломдық спектакльдері (Шекеспирдің «Король Лирі»,А.Островскийдің «Жарлылық ұят емесі») болды1957 жылы театр