Top
a

1-сынып. Актерлық шеберлік пәні. 4-тоқсан. Сабақ № 1

Тақырыбы: Оқушының сахнадағы еркіндігін ашатын тренинг жаттығулар

Сахналық еркіндік-  біріншіден, ойнап жатқан жағдайға  сенімнен басталады.  Яғни, сіздер сахнада жасап жатқан әрекетке  сенулеріңіз керек. Міне сонда ғана актерлік ойын  еркін, шынайы болып шығады, сонда ғана өзіңнің әрекетің мен қимылыңның, айтқан сөздерің мен интонацияңның шынайы болуына қол жеткізе аласыз. Қажеттілігіне сену деген нені білдіреді? Бұл деген ешқандай да басқа әрекет, қимыл сөздер, қозғалыстар қажет емес, тек осы өзі орындап жатқан іс-әрекеті, айтқан сөздері ғана қажет екенін ұғыну.    Егер де сен сәл-пәл ғана болса да өзіңнің сахналық мінез-құлқыңның дұрыстығына күмән келтірсең, сол сәтте сен өзіңнің сахналық еркіндігіңнен айрыласың, сенің ойының сенімділігін жоғалтады және көрермен ол сахналық ойынның шындығына сенуден қалады.  

Сонымен – сахнадағы еркіндікті ашатын тренинг жаттығулар: 

  1.  Ситуациялық тренинг    \ Сіз далада кездесуге келдіңіз, кенеттен жаңбыр жауып кетті \    
  2. Ситуациялық тренинг    \ Сіз ас үйде қияр турап жатқанда қолыңызды кесіп алдыңыз \       

Тапсырма:

Төменде баяндалған тақырыпқа видео түсіру:    Есіктен кіріп, өрт болып жатқанын хабарлау керексіз.  Барынша сол жағдайға сеніп, үреймен.  «Өрт Шықты,  Өрт!  Ғимаратты босатыңдар!» деген сөздерді пайдалану арқылы ойнау. Бөлмеден керек заттарды жинап шығып кету.