Top
a

Мәтіндер

  • Рубрик нет
  • Тақырыбы: Балалар әнін қолдана отырып, кординациялық жаттығулар жасау Кординациялық жаттығу- белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Спектакль кезіндегі әр түрлі билер және сахналық төбелестерді орындау кезінде кординациялық жаттығулардың көмегі өте зор. Кординациялық жаттығуларды 3 ке бөлеміз: Екі қолды әр түрлі бағытта тең дәрежеде қолдану.Екі аяқты әр түрлі бағытта тең дәрежеде қолдану.Барлық денені қолдану. Осы жаттығуларды балалар әндерінің ритміне сала отырып, кординациялық жаттығулар жасаймыз. Уақыт өте келе жаттығулармыз күрделене түседі. Яғни, күрделі ритмдегі музыкаларға, күрделі ритмикалық кординациялық жаттығуларға ауысады. Ескерту: алғашқы кординациялық жаттығуларды дұрыс меңгермесе, кейінгі күрделі жаттығуларды үйрену кезінде қиындық туғызады. Тапсырма: балаларға арналған baibi chark әнін жаттау арқылы жаттығуларды

    Тақырыбы: Әр түрлі реквизиттер қолдана отырып ритммен жұмыс Реквизит дегеніміз- актердің спектакль кезіндегі әрбір қолданыстағы заты (қалам,чабадан, пышақ,доп, қамшы). Реквизит актер жасаған образдың көмекшісі деп айтуға болады. Қарапайым ағаш арқылы актер өзінің ақсақ екенін немесе соқыр екенін білдіре алады. Осыдан біз актер үшін реквизиттің өте маңызды екенін байқаймыз. Осы сабақта біз кішкентай доптарды пайдалана отырып, әр түрлі музыка ырғағында жонглирование жасауды үйренеміз. Қолданылатын музыкамыз үш түрлі жылдамдықта болу қажет. Мысалы: вальс, полька, лезгинка. Жонглирование- цирк өнерінің бір түрі. Біз оны әр түрлі ритмдағы музыкада жасау арқылы ішкі пульсациямызды дамытамыз. Жан дүниемізбен сезіне отырып жасайтын болсақ, көзімізді таңып жасайтын дәрежеге жеткіземіз. Тапсырма: допқа ұқсас зат тауып жонглирование

    Тақырыбы: Жылдамдық түрлері. Жылдамдық- адамның сыртқы орта тітіркендіргіштеріне дереу жауап беретін және шапшаң қимылдар жасай алатын қасиет. Жылдамдықтың құрамына: шапшаң қимыл жасауға икемділік, тездік жатады. Көліктердің немесе ұшатын денелердің жүру қозғалысы, дененің белгілі бір қашықтықта жүріп өту уақыты, қарқыны. Деген физикалық анықтама бар. Сахна қозғалысындағы жылдамдық бес топқа бөлінеді. Өте жәй жүріс.Сәл жылдам жүру.Күнделікті өмірдегі жүріс.Күнделікті жүрістен жылдам.Жүгіру. Осы бес жылдамдық спектакль кезінде көп қолданыста болады. Бұл жылдамдықтарды дұрыс игерген актер, спектакль кезіндегі үнемі ауысып тұратын темптерден қиналмайды. Әдетте бірінші, екінші жылдамдық спектакльдің басында, үшінші жылдамдық ортасында, төртінші, бесінші жылдамдықтар спектакльдің соңында қолданылады. Бірақ, бұл қатып қалған жылдамдық емес. Спектакль бесінші жылдамдықпен де басталуы әбден