Top
a

Актер шеберлігі

Тақырыбы: Өзін-өзі тексеру. Қимыл-әрекеттің қисыны мен сабақтастығы.  Өзін-өзі   тексеру   процесі — актер творчествосында сақтық рөлін атқарады. Көпшіліктің көз алдында өтіп жатқан ойын кезінде қысылғаннан сасқалақтап қалатын сәттер де болып тұрады. Ондай кезде актер өзінде жоқ сезімді асырып берем деп аста-төкке салып  зорлыққа кешеді. Нәтижесінде,  қызарып, бозарып  әуреге  түседі. Ол үшін шындық пен сенім керек. Шындық пен сенімді ең қарапайым  қимыл-іс мұраты мен әрекеттер арқылы іздеп - табу  оңай.  Өйткені,  қимыл-іс  пен  әрекет  әрі  көрнекі, әрі  түсінікті  болғандықтан    сана  мен  бұйрыққа тез бағынады.   Тек, қимыл-іс әрекеті арқылы дәлелденген шындық қана сахнада өмір сүрмек. Қимыл-іс әрекеті — сезім мен шындықты өмірге әкеледі. Шындықтан — сенім пайда

Тақырыбы: "Сенім  мен  шындық" Cенім деген адам бойындағы ең асыл, ең ұлы қасиет. Шынайы с е н і м — қамал бұзып, тосқауылды да талқандайды. Өмірде  шындық пен сенім өздігінен пайда болатын  процесс. Өмірде болатын шындық  пен  сенім  де,  суретші  бояумен салған тоғай мен актер бейнелеген  король — сахнадағы сенім мен шындық.  Яғни, шартты шындық пен шартты сенім.  Роль ойнау барысында  актер  сахнадағы өзін қоршаған декорацияны, королді  ойнаған серіктесін   шындап қабылдауы  керек. «Е г е р  д е»  маған  король  ролін  тапсырса,   мен оны  қалай  толыққанды етіп ойнауым  керек деп алдына мақсат қойған  жөн.   Өмірде — табиғи шындық   бар да, сахнада — ойын өрнегінің шындығы

Тақырыбы:  «Егер де», «Ұсынылған тосын жағдай». Этюдпен жұмыс жасау    Сахнада роль ойнау сәтінде қолма-қол жылауға, бірден күлуге, болмаса аяқ астынын ғашық  болуға, не жек көруге, әйтпесе шексіз, шетсіз шаттыққа бөленуге, өзін-өзі қанша күштегенмен, шынайы шындық пен сахналық көркемдікке жете алмайсың. Өйткені, ол зорлықпен сахнада сезімді ойнауға, оны бойыңнан күштеп шығаруға тырысасың. Сол себепті де актер сахна төрінде  сезім туралы ойламай, әркет етуі тиіс, яғни, сезімді емес әрекетті ойлауы керек. Сезім әрекетті емес, әрекет сезімді дүниеге келтіреді, осы қағидаға үлкен мән бер. Артистік техника олар: сезім органдарының жұмысы, көкірек көзі кинолентасы арқылы көру, есте сақтау, "егер де" мен "ұсынылған тосын жағдай", әрекеттердің

Тақырыбы:  Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар Актердың  ең  басты қаруы  денесі. Актер ол- әрекет етуші.  Денеміздің бос, еркін болуы    сахнада ғана емес, жалпы өмірде де  маңызы зор. Сахнада өмірдегідей еркін және сымбатты жүріп-тұруға, айтайын деген ойыныңды, көрермен тыңдаушы қауымға жеткізе білуде, өзіңді, еркін сезіне алатын дәрежеге жетуің үшін, әуелі сахнаға шығарып, әртүрлі машықтану, дене қыздыру, дене сіресулерін  және ішкі, сыртқы тыныс бұлшық еттерін шынықтыруға  арналган тренинг-жаттығуларды жасау керексің. Тапсырма: 1. Алақанды бір-біріне ысқылаймыз да, денемізге қағып тастаймыз. 2. 10-ға дейін секіреміз 3. Күнге созыламыз, лифттің есігін ашамыз, қабырғаға жабысып шығалмай жатырмыз, екі қолымызбен қабырғаны итереміз. 4. Сынып қалдың. Қайталаймыз 5. Тербелеміз. 10-ға дейін санап, еркін түзу дене қалпына келеміз.