Top
a

1-сынып. Сахна тілі, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 3

Тақырыбы:  Қан айналу процесі

Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.  Сахна тілінде де қан айналу процесіне үлкен мән берген жөн. Демді дұрыс алмасақ, басымыз айналады. Сол себепті демнің дұрыс алу жолы — ол аралас –диафрагмалық дем алу жолы, яғни толық тыныс алу. Адамның  жүріс –тұрысы, отырысы, денесін ұстауы барлығы дұрыс болу үшін адамда   қан айналымы дұрыс болу керек. Өкпедегі көмірқышқыл газды шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен байланысқа түсуі, көмірқышқыл газы ұлпалары қанға өту арқылы оттегі беруді жеңілдетеді. Қан айналу процесін дұрыстау үшін алдымен  дұрыс дем алуды үйренуіміз керек Олай болса жаттығуларды жасап үйренейік:

1-жаттығу-  Толық дем аламыз: УУУУУ деп ақырын шығарамыз, 2-3 рет жасау керек

2-жаттығу —Бір орында тұрып, иық мөлшерінде аяқ арасын ашып, мұрынмен демді ішке тарту. Демді сыртқа шығару кезінде оң аяқты көтеріп, ілгері созу. Аяқпен бірге екі қолды қатар соза түсіп,  дмм,дмм  деген дыбыстарды шығару, 3-4 рет қайталау

3-жаттығу- Мұрынмен демді ішке тарту. Сыртқа шығарар кезінде оң аяқты бүгіп (сол аяқты тік ұстап ,ілгері созу) отыру барысында БММ,БММ деген дыбысты айту керек, 4-5 рет айту керек

4-жаттығу-Жұтқыншақты керіп дем ала отырып, А-э-о дауысты дыбыстарын ойша қайталау, 3-4 рет айту керек

5-жаттығу- Жерге жатамыз, қолымызды көтереміз. «Маң-маң маң басқан, шудаларын шаң басқан» деп айтамыз, 5-6 рет қайталаймыз.

Үйге тапсырма:

Видео: бір деммен 16 жол өлеңді айту

Жаңылтпаштарды   жаттап,  бір деммен айтып беру керек