Top
Image Alt

Оқушыларға

Оқушы ережесі

Оқушы сабақ кестесіне сәйскес сабаққа кешікпей келу керек.

  1. Сабақтан себепсіз қалмау, ауырып қалған жағдайда күні бұрын сынып жетекшісін ескерту керек.
  2. Оқушы үй тапсырмасын уақытылы орындау тиіс.
  3. Әр оқушыда күнделік болуы қажет.
  4. Жалпы оқу кабинеттерінде  жүгіруге, ойнауға, мектеп мүлкіне зиян   келетін іс -әрекеттер жасауға тыйым  салынады.
  5. Тоқ сымдарына, қос тілді розеткаларға, штеккерлерге тиісуге және кабинетте тұрған жабдықтарды мұғалімнің

рұқсатынсыз жылжытуға  тыйым  салынады.

  1. Сыртқы киіммен және екінші аяқ киімсіз кабинеттің ішіне кіруге болмайды, мектепке кіре берісте сыртқы киім мен сыртқы аяқ киімді  шешіп, арнайы орынға қойып кету керек.Театр, хореография бөлімдерінің оқушыларында чешки болу міндетті.
  2. Оркестр сабағынан кейін аспаптарды өзінің арнайы орнына апарып қою керек.
  3. Театр бөлімінің оқушыларында міндетті түрде арнайы формаболуы керек. (қара жейде, қара шалбар, қыздарда қара юбка).
  4. Аспаптарды тиісті қаптамада алып жүру керек.
  5. Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттен, мектептен шығыпкетуге болмайды.
  6. Мектепке көп ақша, бағалы заттарды алып келуге тыйым салынады, егер алып келіп, жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
  7. Мектептен тыс өтетін іс –шараларға қатысқан кезде (қалалық концерттер, байқаулар, театрға барған кезде т.б.)

мұғалімнің нұсқауларын бұлжытпай орындау керек.

  1. Концерттерде, театр қойылымдарында отырғанда тыныштық сақтау, өзге көрермендерге кедергі келтірмеу, залда отыру тәртібін сақтау керек.
  2. Егер мектептен тыс өтетін іс –шараларға, концерттерге, театр қойылымдарына мұғалімсіз баратын болса, міндетті түрде ата –анасының рұқсатын алу, және оқушының өмірқауіпсіздігі толықтай ата-ананың жауапкершілігінде болады.