Top
a

Театр сыныбы

Сабақ № 1 Тақырыбы:  Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашада ашылды. Алғаш рет театр сахнасында Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері — Ақтоқты" атты трагедиясы қойылды. Бұл қойылымды театрдың негізін қалаушы әрі дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Қаллеки театрының негізін қалаушылар, театр репертуарындағы қойылымдар Бүгінгі таңда көрермен көзайымына айналған киелі шаңыраққа 1991-1996 жылдары Жақып Омаров, 1996-1998 жылдары Қазақстанның халық әртісі Қадыр Жетпісбаев, 1999-2009 жылдары кеңес одағының халық әртісі, "Халық қаһарманы" Әзірбайжан Мәмбетов жетекшілік етті. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында режиссерлер — Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов,

Тақырыбы: Балалар әнін қолдана отырып, кординациялық жаттығулар жасау Кординациялық жаттығу- белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Спектакль кезіндегі әр түрлі билер және сахналық төбелестерді орындау кезінде кординациялық жаттығулардың көмегі өте зор. Кординациялық жаттығуларды 3 ке бөлеміз: Екі қолды әр түрлі бағытта тең дәрежеде қолдану.Екі аяқты әр түрлі бағытта тең дәрежеде қолдану.Барлық денені қолдану. Осы жаттығуларды балалар әндерінің ритміне сала отырып, кординациялық жаттығулар жасаймыз. Уақыт өте келе жаттығулармыз күрделене түседі. Яғни, күрделі ритмдегі музыкаларға, күрделі ритмикалық кординациялық жаттығуларға ауысады. Ескерту: алғашқы кординациялық жаттығуларды дұрыс меңгермесе, кейінгі күрделі жаттығуларды үйрену кезінде қиындық туғызады. Тапсырма: балаларға арналған baibi chark әнін жаттау арқылы жаттығуларды

Тақырыбы: Әр түрлі реквизиттер қолдана отырып ритммен жұмыс Реквизит дегеніміз- актердің спектакль кезіндегі әрбір қолданыстағы заты (қалам,чабадан, пышақ,доп, қамшы). Реквизит актер жасаған образдың көмекшісі деп айтуға болады. Қарапайым ағаш арқылы актер өзінің ақсақ екенін немесе соқыр екенін білдіре алады. Осыдан біз актер үшін реквизиттің өте маңызды екенін байқаймыз. Осы сабақта біз кішкентай доптарды пайдалана отырып, әр түрлі музыка ырғағында жонглирование жасауды үйренеміз. Қолданылатын музыкамыз үш түрлі жылдамдықта болу қажет. Мысалы: вальс, полька, лезгинка. Жонглирование- цирк өнерінің бір түрі. Біз оны әр түрлі ритмдағы музыкада жасау арқылы ішкі пульсациямызды дамытамыз. Жан дүниемізбен сезіне отырып жасайтын болсақ, көзімізді таңып жасайтын дәрежеге жеткіземіз. Тапсырма: допқа ұқсас зат тауып жонглирование

Тақырыбы: Жылдамдық түрлері. Жылдамдық- адамның сыртқы орта тітіркендіргіштеріне дереу жауап беретін және шапшаң қимылдар жасай алатын қасиет. Жылдамдықтың құрамына: шапшаң қимыл жасауға икемділік, тездік жатады. Көліктердің немесе ұшатын денелердің жүру қозғалысы, дененің белгілі бір қашықтықта жүріп өту уақыты, қарқыны. Деген физикалық анықтама бар. Сахна қозғалысындағы жылдамдық бес топқа бөлінеді. Өте жәй жүріс.Сәл жылдам жүру.Күнделікті өмірдегі жүріс.Күнделікті жүрістен жылдам.Жүгіру. Осы бес жылдамдық спектакль кезінде көп қолданыста болады. Бұл жылдамдықтарды дұрыс игерген актер, спектакль кезіндегі үнемі ауысып тұратын темптерден қиналмайды. Әдетте бірінші, екінші жылдамдық спектакльдің басында, үшінші жылдамдық ортасында, төртінші, бесінші жылдамдықтар спектакльдің соңында қолданылады. Бірақ, бұл қатып қалған жылдамдық емес. Спектакль бесінші жылдамдықпен де басталуы әбден

Тақырыбы: Өзін-өзі тексеру. Қимыл-әрекеттің қисыны мен сабақтастығы.  Өзін-өзі   тексеру   процесі — актер творчествосында сақтық рөлін атқарады. Көпшіліктің көз алдында өтіп жатқан ойын кезінде қысылғаннан сасқалақтап қалатын сәттер де болып тұрады. Ондай кезде актер өзінде жоқ сезімді асырып берем деп аста-төкке салып  зорлыққа кешеді. Нәтижесінде,  қызарып, бозарып  әуреге  түседі. Ол үшін шындық пен сенім керек. Шындық пен сенімді ең қарапайым  қимыл-іс мұраты мен әрекеттер арқылы іздеп - табу  оңай.  Өйткені,  қимыл-іс  пен  әрекет  әрі  көрнекі, әрі  түсінікті  болғандықтан    сана  мен  бұйрыққа тез бағынады.   Тек, қимыл-іс әрекеті арқылы дәлелденген шындық қана сахнада өмір сүрмек. Қимыл-іс әрекеті — сезім мен шындықты өмірге әкеледі. Шындықтан — сенім пайда

Тақырыбы: "Сенім  мен  шындық" Cенім деген адам бойындағы ең асыл, ең ұлы қасиет. Шынайы с е н і м — қамал бұзып, тосқауылды да талқандайды. Өмірде  шындық пен сенім өздігінен пайда болатын  процесс. Өмірде болатын шындық  пен  сенім  де,  суретші  бояумен салған тоғай мен актер бейнелеген  король — сахнадағы сенім мен шындық.  Яғни, шартты шындық пен шартты сенім.  Роль ойнау барысында  актер  сахнадағы өзін қоршаған декорацияны, королді  ойнаған серіктесін   шындап қабылдауы  керек. «Е г е р  д е»  маған  король  ролін  тапсырса,   мен оны  қалай  толыққанды етіп ойнауым  керек деп алдына мақсат қойған  жөн.   Өмірде — табиғи шындық   бар да, сахнада — ойын өрнегінің шындығы