Top
Image Alt

Мектеп туралы

Мектеп туралы

№2 Өнер мектебі 2005 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша ашылған. Мектеп алғаш ашылған жылдары қазір өнер саласында өзіндік сара жолдарын қалдырып, елімізге танымал болған бірқатар өнер майталмандары балалар өнерін дамытуға үлес қосып, еңбек еткен. Атап айтар болсақ, олар: ҚР халық әртісі Әспетова Гүлжан, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ешмұратова Құралай, ҚР халық әртісі Мейрамов Тілектес, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Мейрамова Жұмагүл, философия ғылымдарының кандидаты Хасанғалиева Тоғжан, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ұзақов Болат т.б. елеулі өнер майталмандары. Бүгінгі күні № 2 өнер мектебінде “Театр өнері”, “Көркемөнер”, “Музыка”, “Хореография” бөлімдері бойынша оқушылар дәріс алуда. Мектеп ұжымы Елбасының идеясын жүзеге асыру мақсатында балалар зердесіне құйылатын өнердің ерекше бір түрі - театр өнерін басты мұрат етіп өрістетіп отыр.

Байланыс:

№2 Өнер мектебі
Астана к. Достык 13
тел.: 87172490782
Oner_mektebi_2@mail.ru

Посмотреть на карте Нур-Султана

Мектеп төлқұжаты

Кәсіпорынның толық атауы: Нұр –Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№ 2 өнермектебі» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Кәсіпорынның заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010010,
Нұр -Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы,
Достық көшесі, 9
Орналасқан жері:Нұр -Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үй
Тел: 26 -62 -38
oner_mektebi_2@mail.ru
Кәсіпорынның құрылған күні: 11 ақпан 2005 жыл
Астана қаласы Әкімдігінің
№ 3-1-85 қаулысы негізінде