Top
a

1-сынып. Актерлық шеберлік пәні. 4-тоқсан. Сабақ № 5

Тақырыбы:    Кедергілерді  қатыстыра отырып, этюд жасау

Кедергілер-  қарапайым өмірде жиі кездесетін құбылыс. Кедергілерсіз өміріміз де, мақсатқа жету жолымыз да өте қызықсыз болар еді. Жалпы кедергі дегеніміз- мақсатқа жету жолындағы  жағдайлардан өту процесі.  Мысалы, сізге шұғыл  қоңырау шалды, қолыңыз су, сенсорға басылмай жатыр, сіз тұтқаны  ала алмай тұрсыз.  Бұндағы сулы қолыңыз- бұл  кедергі.  Немесе,  алдыңызда қарбыз тұр, енді жей бергенде маса ызыңдап пайда болды. Осы орайда маса- кедергі, тсс ….

Кедергі пайда болғандағы эмоцияңыз бен көңіл күйіңіз өзгереді. Яғни, мақсатқа жете алмадыңыз. Міне, осыны біз кедергі деп атаймыз. 

Жалпы кедергі- эмоция мен көңіл күйдің өзгеруіне себепші.

Тапсырма:

Этюдтағы кедергілерді ойнап видеоға түсіру:  

Сіз кездесуге асығып келдіңіз;

1 кедергі: кенеттен жаңбыр жауып кетті,

2 кедергі: одан кейін көлік жүріп үсті басыңызды су қылды,

3 кедергі: кейін сіз кетейін деп жатқанда суға тайып құладыңыз.