Top
a

Театр сыныбы

Сабақ № 3 Тақырыбы:  Астана Опера «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы ашылды. «Астана Опера» - Орталық Азия аумағының ірі театр - әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған және архитектурасында ұлттық нақыш айқын көрінеді. Бүгінгі таңда «Астана Опера» репертуарында атақты ұлттық композиторлар шығармалары – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опералары, Ғ.Жұбанованың музыкасына қойылған «Қарагөз» балеті қамтылған. Әлемдік классика Дж.Вердидің «Аттила», «Аида», «Травиата», Дж.Пуччинидің «Богема», «Тоска», «Мадам Баттерфляй», «Турандот», Ж.Бизенің «Кармен», Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» және «Жібек саты» опера-фарсымен, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операларымен; П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы

Сабақ № 2 Тақырыбы:  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің М.Горький театры мемлекеттік академиялы орыс драма театры Горький театры - Нұр-Сұлтанның көрнекті орындарының бірі, оның ғимараты маңызды тарихи құндылық болып табылады. Театр ғимараты 9 ғасырда, гимназия үшін соғылды. Ол кезде екіқабатты ғимарат қызыл кірпіштен өте ерекше, өзгеше сәулет өнерімен өрнектелген. Ол бір емес бірнеше қайта өңдеу мен құрылыстан өтті (1958, 1976, 1999 жж.). Театр өртке қарсы нашар жабдықталған болатын: құрылыс екі мәрте өртенді. Қайта құру кезінде үшінші қабат соғылды. Және де сахналық қорап, сол қанаты, сыртқы қасбетпен біріге соғылған. Жаңа сәулеттік шешім ғимаратқа өзгеше көрініс берді. Сонымен қатар, бұрынғы қасбеттегі сәулет элементтері барынша сақталған. Қазіргі

Сабақ № 1 Тақырыбы:  Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашада ашылды. Алғаш рет театр сахнасында Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері — Ақтоқты" атты трагедиясы қойылды. Бұл қойылымды театрдың негізін қалаушы әрі дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Қаллеки театрының негізін қалаушылар, театр  репертуарындағы қойылымдар Бүгінгі таңда көрермен көзайымына айналған киелі шаңыраққа 1991-1996 жылдары Жақып Омаров, 1996-1998 жылдары Қазақстанның халық әртісі Қадыр Жетпісбаев, 1999-2009 жылдары кеңес одағының халық әртісі, "Халық қаһарманы" Әзірбайжан Мәмбетов жетекшілік етті. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында режиссерлер — Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов, Қазақстанның еңбек