Top
a

Мәтіндер

  • Рубрик нет
  • Тақырыбы: Өзін-өзі тексеру. Қимыл-әрекеттің қисыны мен сабақтастығы.  Өзін-өзі   тексеру   процесі — актер творчествосында сақтық рөлін атқарады. Көпшіліктің көз алдында өтіп жатқан ойын кезінде қысылғаннан сасқалақтап қалатын сәттер де болып тұрады. Ондай кезде актер өзінде жоқ сезімді асырып берем деп аста-төкке салып  зорлыққа кешеді. Нәтижесінде,  қызарып, бозарып  әуреге  түседі. Ол үшін шындық пен сенім керек. Шындық пен сенімді ең қарапайым  қимыл-іс мұраты мен әрекеттер арқылы іздеп - табу  оңай.  Өйткені,  қимыл-іс  пен  әрекет  әрі  көрнекі, әрі  түсінікті  болғандықтан    сана  мен  бұйрыққа тез бағынады.   Тек, қимыл-іс әрекеті арқылы дәлелденген шындық қана сахнада өмір сүрмек. Қимыл-іс әрекеті — сезім мен шындықты өмірге әкеледі. Шындықтан — сенім пайда

    Тақырыбы: "Сенім  мен  шындық" Cенім деген адам бойындағы ең асыл, ең ұлы қасиет. Шынайы с е н і м — қамал бұзып, тосқауылды да талқандайды. Өмірде  шындық пен сенім өздігінен пайда болатын  процесс. Өмірде болатын шындық  пен  сенім  де,  суретші  бояумен салған тоғай мен актер бейнелеген  король — сахнадағы сенім мен шындық.  Яғни, шартты шындық пен шартты сенім.  Роль ойнау барысында  актер  сахнадағы өзін қоршаған декорацияны, королді  ойнаған серіктесін   шындап қабылдауы  керек. «Е г е р  д е»  маған  король  ролін  тапсырса,   мен оны  қалай  толыққанды етіп ойнауым  керек деп алдына мақсат қойған  жөн.   Өмірде — табиғи шындық   бар да, сахнада — ойын өрнегінің шындығы

    Тақырыбы:  «Егер де», «Ұсынылған тосын жағдай». Этюдпен жұмыс жасау    Сахнада роль ойнау сәтінде қолма-қол жылауға, бірден күлуге, болмаса аяқ астынын ғашық  болуға, не жек көруге, әйтпесе шексіз, шетсіз шаттыққа бөленуге, өзін-өзі қанша күштегенмен, шынайы шындық пен сахналық көркемдікке жете алмайсың. Өйткені, ол зорлықпен сахнада сезімді ойнауға, оны бойыңнан күштеп шығаруға тырысасың. Сол себепті де актер сахна төрінде  сезім туралы ойламай, әркет етуі тиіс, яғни, сезімді емес әрекетті ойлауы керек. Сезім әрекетті емес, әрекет сезімді дүниеге келтіреді, осы қағидаға үлкен мән бер. Артистік техника олар: сезім органдарының жұмысы, көкірек көзі кинолентасы арқылы көру, есте сақтау, "егер де" мен "ұсынылған тосын жағдай", әрекеттердің

    Тақырыбы: Актер шеберлігі элементтерін пайдалана отырып, іс әрекетке көш, кейіпкерлерді зерттеу, диалогтармен жұмыс жаса Сахнада роль ойнау сәтінде актер қолма-қол жылауға, бірден күлуге, болмаса аяқ астынын ғашық  болуға, не жек көруге, әйтпесе шексіз, шетсіз шаттыққа бөленуге өзін-өзі қанша күштегенмен шынайы шындық пен сахналық көркемдікке жете алмайды. Өйткені, ол зорлықпен сахнада сезімді ойнауға , оны бойынан күштеп шығаруға тырысады. Сол себепті де актер сахна төрінде  сезім туралы ойламай, әркет етуі тиіс, яғни сезімді емес, әрекетті ойлауы керек. Демек, актер өзін-өзі зорламай, шындап әрекетке көшкен жағдай ғана сезім өзідігінен пайда болады. Олай болса сезім әрекетті емес, әрекет сезімді дүниеге келтіреді. Іс-әрекетке көшу.

    Тақырыбы: Актер шеберлігі элементтерін дамытуға арналған, тренинг жаттығулар Іс әрекетке дайындық Бұл  жаттығулар  актерлық зейініңді, ойлап табу қабілетіңді, серіктесіңді түсіне білу түйсігіңді, көпшілікті көру, сезу, бағалай білу қабілетіңді арттырады, яғни, сахнаға қатысты әрекеттердің бәрін меңгеруге  көмектеседі. Сонымен қатар, қысылу, ұялу, қымсыну, құрысып – тырысу тектес сезім түрлерінен арылуға және атқарылар әрекеттерді тез, еркін,  шапшаң, іштей сезіп орындауға көмектеседі. Тапсырма: 10 түрлі затты ұстап шығу  (10 рет шапалақ соққанда үлгеру)10 қаланы атап шығу (Қазақстанның). ( 10 рет шапалақ соққанда үлгеру)10 машинаның маркасын атап шығу (10 рет шапалақ соққанда үлгеру)10 қаланы атап шығу (Шетел қалаларын). (10 рет шапалақ соққанда үлгеру) «Жүріс» жылдамдықпен жүру, соққы, қатып қалдың, тұрысты

    Тақырыбы: Ертегілер  әлемі. Шығармалар таңдау, мәтінмен жұмыс жасап, сөз астарын ашу Ертегілер мағынасы  жағынан  қарапайым,  талас-тартысқа,  ірі  оқиға, оқиғалар тізбегіне құрылған болуы керек. Ең  басты  міндетің: жаттығулар  арқылы  этюдқа, құралған этюдтарды, ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттерімен ұштастыру  керек. Мақсатың: жасап  жатқан  әрекетіңе,  ұсынылған  тосын  жағдайға,  оқиғаларға  сену.Қарапайым  әрекеттерден,  өз  басыңнан  өткерген,  өзің  ғана  білетін  кішігірім  оқиғаларға  барған  жөн.  Оны  да  тек  өзі  ғана  ойлап  тауып,  өз  ақылымен  өз  қиялымен,  ешкімнің  жетегінсіз  істегенің  дұрыс. Ертегі сенің қиялдауыңа, армандарыңа қол жеткізуге септігін тигізеді. Шығармашылық мүмкіндігің кеңейіп, көркем әдеби шығармаға қызығушылығың артып, көркем сөйлеп, сөздік қорың байиды. Тапсырма: -кез келген кітаптан, өзің қарай алатын сайттарыңнан ертегілер оқисың -ішінен  өзіңе ұнайтын ертегіні таңдайсың -таңдаған ертегіңді дәптер бетіне түсіресің -мәтіннің

    Тақырыбы:    Кедергілерді  қатыстыра отырып, этюд жасау Кедергілер-  қарапайым өмірде жиі кездесетін құбылыс. Кедергілерсіз өміріміз де, мақсатқа жету жолымыз да өте қызықсыз болар еді. Жалпы кедергі дегеніміз- мақсатқа жету жолындағы  жағдайлардан өту процесі.  Мысалы, сізге шұғыл  қоңырау шалды, қолыңыз су, сенсорға басылмай жатыр, сіз тұтқаны  ала алмай тұрсыз.  Бұндағы сулы қолыңыз- бұл  кедергі.  Немесе,  алдыңызда қарбыз тұр, енді жей бергенде маса ызыңдап пайда болды. Осы орайда маса- кедергі, тсс

    Тақырыбы:    3-5 жастағы балалар этюды Балалар – қуыршақтар, аюлар, пойыздардың ойыншық екенін түсінеді, бірақ олармен ойнай бастағанда, бұл ойыншықтар назар мен сүйіспеншілікті қажет ететін тіршілік иесіне айналады. Мысалы: Сіздің жасыңыз үште.  Сүйікті машинаңызбен ойнап отырсыз, кенет,  ол диванның астына сырғып кетеді. Оны алып шығуға қолыңыз жетпейді, немесе, 5 жасар баласыз- үйде доп лақтырып ойнап отырып , байқаусызда анаңыздың сүйікті гүлін сындырып алдыңыз

    Тақырыбы:    Этюдтағы мақсат әрекетті анықтау Сонымен этюд дегеніміз - басы, ортасы, аяғы мен шешімі бар  кішігірім көрініс. Этюдта  басталуы,жалғасуы және қорытындысы болады. Әдетте, этюдттар 3-5 минутқа созылады, одан артық болмайды.  Әр этюдтың мақсат әрекетін белгілеп алуымыз керек, мен не істеп жүрмін, неге, кім үшін?  деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Этюд барысында актер шеберлігінің 5 элементін ойнатуымыз керек: көру, есту,сезу, бағалау, қортындылау. Мысалы:  «мысық» тамақ бар табаққа келіп, дәмді нәрсені  көреді, дәмін татып, риза болды.  Әрі қарай мақсат әрекет қалай өзгеруі мүмкін? Міне, үй тапсырмасына ойластырып жазыңыз. Тапсырма: Осы этюдтың мақсат әрекетін ойлап текст түрінде жазып,ойластыру .