Top
a

1-сынып. Сахна тілі, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 1

Тақырыбы: Аралас диафрагмалық немесе толық тыныстау

         Жалпы дем алудың баршаға белгілі 3 түрі бар. Олар:  кеудемен дем алу, ішпен дем алу, аралас-диафрагмалық , яғни толық дем алу.  Айтар болсақ, алғашқы  айтылған дем алудың екі түрі сөйлеу сазын дамытуға тиімсіз әдіс.  Бұл арада үшінші әдіс- аралас-диафрагмалық  яғни, толық  тыныс алу  жайында даралап айтудың артықшылығы мол. Бұндай демалыста кеуде  бұлшықеттері мен іш қатпары бір мезгілде жұмыс жасайды.  Толық дем алған тұста- кеуде көкіректей кеңіп, дыбыс жолдары ашыла түседі. Сөйлеу сазын дұрыс жолға қоюдың ең тиімді тыныс үлгісі міне, осы.  Ол үшін мынадай машықтау жұмыстарын жүргізу керек.

Фонациялық  дем алумен шұғылданбас бұрын демнің жету, жетпеуін қалай анықтауға болады?  Әдетте толық кеудемен дем алған кезде, дауыс жарқын әрі қатты шығады. Ал ішпен тыныс алғанда дауыс тұншығып, төмен  шығады.  Алақаныңды кеуде мен асқазан тұсына қойып, ішпен дем алсаң, яғни, деміңді  ішке тартсаң, қарынның ілгері шыққанын және кеуде клеткаларының тартыла түскенін байқауға болады. Міне, осы дем алудың түрін – диафрагмалық –толық тыныстау деп атайды. Толық тыныстағанда иық көтерілмейді, ішіміз бен кеуде клеткасының арасына ауа толғанын байқауға болады.

Ереже: Тұрысыңыз нақты және түзу болу керек. Қолыңыз іш пен кеуде клеткасының арасында, дем алған кезде алақаныңызбен  ауаның толық жиналғанын сезуіңіз керек. Бірақ иығыңыз көтерілмеу керек.

Тапсырма:

1.Үстіңгі ережедегідей тұрысқа тұрыңыз дем алыңыз, 

ауа толғаннан соң :

  1. ТССССССС (Созып ауа шығарамыз)
  2. БЗЗЗЗЗЗЗЗЗ (Созып ауа шығарамыз)
  3. СУФФФФФ(Созып ауа шығарамыз)

2. Үстіңгі ережедегідей тұрысқа тұрыңыз  ауа толғаннан соң :

Асықпай: 1-2-3-4-5-6-7-8-9-10-11-12-13-14-15-16-17-18-19-20-21-22-23-24-25-26-27-28-29-30 дейін санап, ауаны барынша үнемдеп, асықпай шығару керек.

3.Толық тыныстап, бір деммен эпос жырдан үзінді айту:

Мен мен ен едім,

Мен нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім,

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім

Қай қазақтан кем едім,

Бір қазақпен тең едім!