Top
a

Балалар жылы

  • Рубрик нет
  • 1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Астаналық саябақта «БАЛАПАНДАР ӘЛЕМІ» атты іс-шара өтті. Мектебіміздің «Көркемсурет» бөлімінің оқушылары , ұстаздары қатысты. «Қуыршақтар әлемі» көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара Балапан телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

    2022 жылдың 6 мамыр күні SOS балалар қалашығында өткен «Жүректен жүрекке» атты іс–шараға сурет, театр, эстрада вокал сыныптарының оқушылары мен мұғалімдері қатысып, өз үлестерін қосты. Мұғалімдер қолөнер және суреттен шеберлік сыныптарын өткізіп, өнерлі оқушыларымыз әннен шашу шашып, би билеп, балалармен түрлі ойындар ойнатылды.

    1 наурыз күні балалар жылына арналған «Қуыршақтар әлемі» атты қалалық байқау өтті. Оған қала мектептерінің 280 оқушы қатысып, қолдан жасаған ойыншықтарын жасап әкеліп, қазылардың назарына ұсынды. Жеңімпаздар әр номинациялар бойынша анықталып,марапатталды.

    "Балапан" телеарнасының Балалар жылы аясында және Наурыз мерекесіне арналған " Балапан көктемі" атты концерттік түсіріліміне мектебіміздің “Қазына” сазсырнайшылар ансамблі қатысты. Жетекші: М. Тастенова.

    "Арт-Тұмар" сәндік қолданбалы өнер орталығында балалар жылына арналған "Ұлтты тану-ұрпақ борышы" атты киімді көркемдеп үлгілеу сыныптарының оқушылары қатысуымен сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің тарихы, мәдениеті, ұлттық құндылықтары, дәстүр – салты, айтулы тұлғалары жайлы ақпарат беру.Жас ұрпақ бойында тәуелсіздіктің ел өмірінен алар орны, Қазақстанның өткені мен бүгініне қысқаша шолу жасап, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, жауапкершілік қасиеттерін дамыту. Өткізген А.Мамутова. И.Халиева

    Балалар жылына арналған мектебімізде Сурет және фортепиано сыныптарының оқушыларының қатысуымен "Туған жер-алтын бесігім", "Менің Отаным-менің мақтанышым" атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты:Отанды сүю, рәміздерімізді қастерлеу, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Өткізген мұғалімдер: Р. Қуанов, Қ.Жәйірбек, Ж.Молдабекова, Д.Усенова.

    16 ақпан күні ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы және Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен Балалар жылына арналған "Менің Қазақстаным-Менің Елім" атты балалар шығармашылығы фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға мектебіміздің "Алатау" домбырашылар ансамблі, "Еркеназ" бишілер тобы және "Мұрагер" дәстүрлі әншілер ансамблдері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жетекшілері: З.Жакешова, Ж.Ахметова, А.Нурмашева.

    7 ақпан күні мектебімізде балалар жылы аясында фортепиано сыныптарының оқушыларына арналған "Ұлт болашағы - жастар" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Өткізген мұғалімдер : Расылхан А.Е., Батырова А.Ж. Сынып сағаттың мақсаты: - оқушылардың бойында патриотизмді қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, туған жерге, отанға деген махаббаттарын арттыру.