Top
a

1-сынып. Актерлық шеберлік пәні. 4-тоқсан. Сабақ № 3

Тақырыбы:    Этюдтағы мақсат әрекетті анықтау

Сонымен этюд дегеніміз — басы, ортасы, аяғы мен шешімі бар  кішігірім көрініс. Этюдта  басталуы,жалғасуы және қорытындысы болады. Әдетте, этюдттар 3-5 минутқа созылады, одан артық болмайды.

 Әр этюдтың мақсат әрекетін белгілеп алуымыз керек, мен не істеп жүрмін, неге, кім үшін?  деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Этюд барысында актер шеберлігінің 5 элементін ойнатуымыз керек: көру, есту,сезу, бағалау, қортындылау.

Мысалы:  «мысық» тамақ бар табаққа келіп, дәмді нәрсені  көреді, дәмін татып, риза болды.  Әрі қарай мақсат әрекет қалай өзгеруі мүмкін? Міне, үй тапсырмасына ойластырып жазыңыз.

Тапсырма:

Осы этюдтың мақсат әрекетін ойлап текст түрінде жазып,ойластыру .