БІлім күнімен құттықтаймыз!
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша азаматтардың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана
Құрметті ата-аналар, оқушылар!
№ 2 өнер мектебі 2020 жылдың 10.08.2020ж. – 12.09.2020ж. аралығында 2020 - 2021 оқу жылына өнерлі де талантты оқушыларды қабылдайды.
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймыз ! Осыдан жиырма бес жыл бұрын, тамыздың 30-ында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Осындай аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді. Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі. Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! Отбасыларыңызға аман-саулық, бақыт, түсінушілік, сенім және Отанымыз Қазақстан Республикасына жарық, жақсы болашақ тілейміз!
АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА
по результатами внутренного анализа коррупционных рисков в деятельности ГККП "Школа искусств №2 акимата г.Нур-Султан
«100 күйдің тарихы» интернет-челлендж басталды
Құрметті оқушылар! «100 күйдің тарихы» атты домбырашылар арасында челлендж басталғанын хабарлаймыз. Интернет-челлендждің мақсаты: Қазақ халқының танымал күйлерінің тарихын біліп және орындау. Төл өнерімізді дәріптеу жолында бір кісідей атсалысайық!