Top
a

1-сынып. Актерлық шеберлік пәні. 4-тоқсан. Сабақ № 2

Тақырыбы:   «Егер де ….»   ұсынылған тосын жағдайға әрекет ету

«Егер де мен…» сөз тіркесін бірінші К.С Станиславский ойлап,  театр әлеміне енгізген болатын.  Оның айтуынша:  мақсатты әрекетке көшу барысында туындаған сезімдерді « құр ойнаму керек» ,  «сезімдер мен бейнелерді (образ) ойнауға болмайды, өмірдегідей, шынайы әрекет ету керек» — деген  болатын. Демек, алдымен қызығып  болып жатқан оқиғаға сену шарт.  Ол үшін ұсынылған шартты жағдайды «егерде мен…»  деп ұсынып,  тосын жағдайды ойнату керек.

Этюд жасау барысында актер шеберлігінің заңдылықтары мен техникасын пайдалану керек. Яғни, адам мінезін, іс-әрекетін, сезімін, толғаныстарын, қуаныш-күлкісін, қайғы-мұңын  нақтылап алуы шарт. Актер шеберлігі пәнінің бірден – бір шығармашылық мақсаты – әрбір оқушы өз атынан әрекет етуін үйрету.  «Егерде мен осындай жағдайға түссем, не істер едім» деген қағида бойынша іс-әрекеттерге құрылған этюдттер дайындау сол себепті маңызды. Сондай-ақ сахналық зейін мен зердеге, айқын мақсатқа, қисынды іс-әрекетке, сахналық шындыққа, оқиғалар легі мен кедергілерді бағалай білуге, тың шешім қабылдай білуге, еркіндікке, ой қиялын дамытуға арналған  рефлекстерді ашады.

Тапсырма:

  1. «Егер де  мен….»    қолымды кесіп алсам…
  •  «Егер де мен…»   үй тапсырмасы жазған дәптеріме шәй төгіп алсам…

Қалай ойнатар едім? Осы жағдайға түссем, не істер едім?

Осы екі тапсырманы ойнатып, видеоға түсіріп жіберу керек.