Top
Image Alt

Бөлімдер

Театр сыныбы

Театр өнері- балалар әлемінде  әр оқушының еркін ойлап, анық сөйлеп, өзін-өзі батылдыққа, мәдениеттілікке тәрбиелейтін, сөздік қорын байытатын, белсенділігін арттыратын, бойындағы өз мүмкіндігін ашып, қолдана білуге тәрбиелейтін, шығармашылық қабілет — дарынын дамытып үйрететін бірден бір құрал екені даусыз.  Театр сыныбы  болашақ театр әртісін, сахна жүргізушісін, көркемсөз оқу шеберлерін дайындайды. Жүргізілетін негізгі пәндер: актер шеберлігі, сахна тілі, сахна қозғалысы, театр тарихы.

Кино өнері сыныбы

Кино өнері сыныбында  жүргізілетін пәндер: мамандыққа кіріспе, кинотеледраматургия шеберлігі, сахна тілі, алдын-ала қапауға арналған семинар, режиссура, кино тарихы.                                            

Музыка бөлімінде ұлттық өнерді дамыту мақсатында домбыра, қобыз, қылқобыз, сазсырнай, жетіген,баян,  дәстүрлі  ән айту және эстрадалық вокал сыныптары бойынша жұмыс жүргізілуде.

Музыка бөлімінің негізгі мақсаты: балалардың музыкалық сауатын ашу, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру, әншілік өнерін дамыту, ұлттық музыкалық аспаптарды кеңінен насихаттау. Жүргізілетін негізгі пәндер: мамандық, сольфеджио, әлем әдебиеті, қазақ музыка әдебиеті, хор, ансамбль, оркестр.

Көркемсурет сыныбы

Көркемсурет сыныбының негізгі мақсаты: кәсіби деңгейде оқушыларға сапалы білім беру, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрын жетік білу, түрлерді сауатты орналастыру, бояу әдістері мен тәсілдерін жете меңгерту, салған  шығармаларды талдай білу. Көркемсурет сыныбы болашақта  еліміздің атын шығаратын сурет шеберлерін дайындайды.

Жүргізілетін негізгі пәндер: сурет, кескіндеме, композиция, мүсін өнері, қол өнері, өнер тарихы.

Киімді көркемдік үлгілеу сыныбы

Киімді көркемдік үлгілеу сыныбының негізгі мақсаты: қазақ  халқының  әр түрлі стильдегі ұлттық ою-өрнектерін қолдана отырып, киім үлгілерін салуды үйрету және оның түсті гаммасы жайлы, мата түсінің фактурасы жайлы түсінік беру. Оқушыларды киімнің әр бөлшектерінің тігілу техникасымен, тігістің түрлерімен таныстыру, тігуге қол икемдерін жаттықтыру.

Жүргізілетін негізгі пәндер: сурет, стилистика, киім тарихы, костюм композициясы, тігін бұйымдарының технологиясы, тігін бұйымдарының конструкциясы, матамен жұмыс.

Хореография бөлімінің мақсаты: оқушыларға ұлттық билердің қимылдарын үйрету, би өнерін балалар  арасында кеңінен насихаттау арқылы, жас өнерпаздардың ұлттық би өнеріне қызығушылығын арттыру.

Жүргізілетін негізгі пәндер: ритмика, халық биі, қазақстан хореографиясы, шетел хореографиясы.