Top
a

1-сынып. Актерлық шеберлік пәні. 4-тоқсан. Сабақ № 4

Тақырыбы:    3-5 жастағы балалар этюды

Балалар – қуыршақтар, аюлар, пойыздардың ойыншық екенін түсінеді, бірақ олармен ойнай бастағанда, бұл ойыншықтар назар мен сүйіспеншілікті қажет ететін тіршілік иесіне айналады. Мысалы: Сіздің жасыңыз үште.  Сүйікті машинаңызбен ойнап отырсыз, кенет,  ол диванның астына сырғып кетеді. Оны алып шығуға қолыңыз жетпейді, немесе, 5 жасар баласыз- үйде доп лақтырып ойнап отырып , байқаусызда анаңыздың сүйікті гүлін сындырып алдыңыз…

Осы ұсынылған тосын жағдайда  3-5 жасар баланың іс-әрекетін, көңіл-күйін этюд арқылы көрсетуіңіз қажет.

Тапсырма:

  1. Интернет, Youtube желілерінен 3-5 жасар балалардың қатысуымен бейнебаян көріп, олардың мінез-құлқын және де басқа да қылықтарын зерттеу;
  2. Баланың іс-қимылына, әдеттеріне, сөйлеу мәнеріне, тұлғалық ерекшеліктеріне еліктеу. Әр-түрлі реквизиттерді (ойыншық, ыдыс-аяқ,киім-кешек)  қолдануға рұқсат етіледі.
  3. Қиялды оятуға арналған тренинг;
  4. «Құмсалғыш», «қараңғы бөлме», «ойыншыққа талас» т.б. тақырыптарға сүйене отырып, 2-3 минуттық этюд жасау.