Top
Image Alt

Ата-аналарға

№  2 Өнер мектебіне оқушы емтихан –консультация  арқылы қабылданады.

Емтиханнан өткен соң  мектепке қабылданған оқушыдан мынандай құжаттар талап етіледі:

  1. Туу туралы куәліктің көшірмесі
  2. 3х4 сурет (1 дана)
  3. Медициналық анықтама
  4. Өтініш
  5. Ана –ана туралы мәлімет парақшасы
  6. Мектеп ережесімен танысқандығы туралы парақша
  7. Егер аз қамтылған отбасынан болса, көп балалы отбасынан болса, мүгедек бала болса анықтама талап етіледі

Оқушының жасына байланысты бөлімдерге  қабылдау былай жүргізіледі:

Музыка бөлімі:  негізгі мектепте  1-6 –сынып оқитын оқушылар

Театр өнері бөлімі:  негізгі мектепте  5-7-сынып оқитын оқушылар

Көркемөнер бөлімі: негізгі мектепте  4-6-сынып оқитын оқушылар

Хореография бөлімі: негізгі мектепте  1,2-сынып оқитын оқушылар

  1. Жалпы ережелер мен кабинетте жұмыс жасау барысындағы нұсқау
  2. Мектептен тыс іс –шараларға қатысқандағы нұсқау
  3. Жалпы оқу кабинеттерінде  жүгіруге, ойнауға, мектеп мүлкіне зиян келетін іс -әрекеттер жасауға тыйым  салынады.
  4. Тоқ сымдарына, қос тілді розеткаларға, штеккерлерге тиісуге және кабинетте тұрған жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға  тыйым  салынады.
  5. Сыртқы киіммен және екінші аяқ киімсіз кабинеттің ішіне кіруге болмайды, мектепке кіре берісте сыртқы киім мен сыртқы аяқ киімді  шешіп, арнайы орынға қойып кету керек.
  6. Сабақ аяқталғаннан кейін орындықтар мен парталарды орнына қойып, оқу кабинетін ретке келтіріп кету керек.
  7. Оркестр сабағынан кейін аспаптарды өзінің арнайы орнына апарып қою керек.
  8. Аспаптарды тиісті қаптамада алып жүрген жөн.
  9. Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттен, мектептен шығып кетуге болмайды.
  10. Жер былғанған кезде әр оқушы екінші аяқ киім алып келуге міндетті.
  11. Мектепке көп ақша, бағалы заттарды алып келуге тыйым салынады, егер алып келіп, жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
  12. Мектептен тыс өтетін іс –шараларға қатысқан кезде (қалалық концерттер, байқаулар, театрға барған кезде т.б.) мұғалімнің нұсқауларын бұлжытпай орындау керек.
  13.  Ауа –райына байланысты лайықты киім кию қажет.
  14.  Көшеде жүру, қоғамдық көлікте жүру ережелерін естен шығармау керек.
  15. Концерттерде, театр қойылымдарында отырғанда тыныштық сақтау, өзге көрермендерге кедергі келтірмеу, залда отыру тәртібін сақтау керек.
  16. Егер мектептен тыс өтетін іс –шараларға мұғалімсіз баратын болса, міндетті түрде ата –анасының рұқсатын алып, ата –анасы мұғалімге хабарласып ескертуі керек.
  17. Жеке қауіпсіздік ережесіне қарама қайшы келетін кез келген әркетті жасауға, көшеде, мектепен тыс жерде жүргенде өздігінше іс -әрекеттер жасауға, қоқыстарды кез –келген орынға тастауға тыйым салынады.
  18. Қыс кезінде (боран, қатты жел т.б.), көктем уақытында қар еріген кезде абай болу керек.