Top
a

Қашықтықтан өткізілетін сабақтар

Сабақ № 3  Тақырып: Диктант Диктант оқушының  сақтау,есту қабілеттін дамыту мақсатында жазылады.Сонымен қатар нота сауаттылығын арттырады. Диктант бірнеше рет ойналады. Диктант жазудағы ереже:сазын,өлшемін,ырғағын,дыбыс биіктігін анықтау. Диктант до мажор сазында,өлшемі 2/4, 8 такті,екі сөйлемнен тұрады. Жарты,төрттік ноталар кездеседі. Үй тапсырмасы:Диктантты аяқтау және әуендетіп айту.

Сабақ №2  Тақырып: 3/8өлшемі. 3/8өлшемін топтастыру. Өлшем дегеніміз-нота кілтінен кейін жазылатын сан. Жоғарғы сан  такті ішіндегі үлесті, ал төменгі сан нота ұзақтығын көрсетеді. 3/8 өлшемінде –сегіздік үлестен үшеу деген сөз. Яғни, әр такт ішін үшке санаймыз. 3/8өлшеміне: төрттік сегіздік,нүктелі төрттік нота,екі сегіздік екі он алтылық,бір сегіздік төрт оналтылық ноталарды топтастыруға болады. Үй тапсырмасы:мәтінді дәптеріңе жаз

Сабақ № 1  Тақырып: Аралықтар. Екі дыбыс аралығын  «Аралықтар дейміз. 1-дыбыс-прима 2-дыбыс- секунда 3-дыбыс- терция 4-дыбыс-кварта 5-дыбыс -квинта 6 -дыбыс секста 7-дыбыс- септима 8-дыбыс аралығы октава деп аталады. Аралықтар: таза,үлкен,кіші болып үшке бөлінеді.Т1,Т4,Т5,Т8. Ал секунда,терция,секста,септима аралықтар -үлкен кіші болып екіге бөлінеді. Мысалы:Ү2,к2. Үй тапсырмасы:Аралықтарды  «фа», «соль» дыбысынан құрау. Ережені жаттау

Сабақ № 3  Тақырып: Диктант Диктант оқушының  сақтау,есту қабілеттін дамыту мақсатында жазылады. Сонымен қатар нота сауаттылығын арттырады. Диктант бірнеше рет ойналады. Диктант жазудағы ереже:сазын,өлшемін,ырғағын,дыбыс биіктігін анықтау. Диктант до мажор сазында,өлшемі 2/4, 8 такті,екі сөйлемнен тұрады.Жарты,төрттік ноталар кездеседі. Үй тапсырмасы:Диктантты аяқтау және әуендетіп айту.

Сабақ№2    Тақырып:Аралықтар айналымы. Аралық дегеніміз-екі дыбыстың ара қашықтығы. Прима,секунда,терция,кварта,квинта,секста,септима,октава. Осы 8 аралықтың  өз айналымы бар. Прима- октаваға,секунда –септимаға, терция – секстаға,кварта –квинтаға айналады. Және керісінше октава-примаға,септима – секундаға,секста-терцияға,квинта –квартаға айналады. Үлкен - кішіге,кіші- үлкенге,таза сол күйде қалады. Бұл айналымды функционалды айналым деп атаймыз. Үй тапсырмасы: Аралықтар айналымын жаттау.

Сабақ №1 Тақырып: Негізгі сатылардың  үшдыбыстылықтары. Үшдыбыстылық дегеніміз  үш дыбыстан яғни екі терциядан құралан үшдыбыс. Үшдыбыстылықтар I сатыда «Тоникалық» IY  сатыда «Субдоминантолық» Y сатыда «Доминанталық» үшдыбыстылықтар құралады. Мысалы: До мажор гаммасында: «Тоникалық» үшдыбыстылық «до» -«ми»- «соль». «Субдоминантолық» үшдыбыстылық  «фа- «ля» -«до» «Доминанталық» үшдыбыстылық  «соль»- «си»-«ре». Бұл  үшдыбыстылықтардың өз айналымдары бар. Негізгі сатылардың  үшдыбыстылықтары  «мажор» сазында да «минор» сазында да I,IY,Y  сатыларда құрылады. Үй тапсырмасы: негізгі сатылардың  үшдыбыстылықтары  ережесін жаттау.Gdur-e moll сазында құрау, әуендетіп айту.

Тақырыбы:  Номад театр,  Астаналық заманауи театры          «Nomad City Hall» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Құрамына Астана комедия театры, Назар аудар театры, Әзіл әлемі театры кіретін «Nomad City Hall» МКҚК-нің директоры әрі көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов. «Nomad City Hall» концерт залында спектакльдерден бөлек Роза Рымбаева, Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Өмірқұл Айниязов, «Жігіттер» тобы, Алтынай Жорабаева, Төреғали Төрәлі, Айқын сынды эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Қазақстан ұлттық арнасының «Қайырлы кеш, Қазақстан» жобасы, «Әзіл әлемінің» жаңа бағдарламалары, талай талантты жастардың басын қосқан КТА ойындары және басқа да түрлі салалар бойынша