Top
a

Қазақ музыка әдебиеті

Қазақ музыка әдебиеті, 5-сынып Тест тапсырмалар 1.«Описание киргиз-кайсацих орд и степей» атты еңбектің авторы. а) Р.А.Пфенниг. ә) А.Е.Алекторов. б) А.Э.Бимбоэс. в) А.И.Левшин г) А.Эйхггорн 2. «Қазақ халқының 1000 әні» еңбегінің авторы. а) Б.Ерзакович. ә) Е.Брусиловский. б) А.Затаевич. в) Л.Хамиди. г) А.Затаевич. 3.«Песенная культура казахского народа» еңбегінің авторы. а) Б.Ерзакович. ә) Е.Брусиловский. б) А.Затаевич. в) Л.Хамиди. г) А.Затаевич. 4. Қазақ музыка фольклорын кәсіби негізде зерттеушілер. а) А.Жұбанов, Б.Ерзакович. ә) А.Темірбекова, Ә.Мұхамбетова. б) А.Э.Бимбоэс, А.И.Левшин в) Г.М.Гизлер, Р.А.Пфеннинг. г) В.В.Радлов, С.Г.Рыбаков 5. «Абай»  операсын жазған композиторларды тап.       а) Мұқан Төлебаев,Еркеғали Рахмадиев;         ә) Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди;       б) Еркін Ынтықбаев, Н.Тілендиев;           в) Б.Байқадамов, Мұқан Төлебаев.  6. Макам қай халықтардың вокалды аспаптық жанрының үлкен циклын    құрайды?       а) ұйғыр, дүнген;           ә)  өзбек, тәжік;

Қазақ музыка әдебиеті, 5 сынып   Сабақ № 2 Тақырыбы: Е.Рахмадиевтің  өмірі мен шығармашылығы. «Алпамыс» операсы Рахмади Жабықпаевтың ұлы Еркеғали 1930 жылдың 1 тамызында сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданындағы, бұл күндері «Мәдениет» деп аталатын ауылында дүниеге келген. Ол 6-сыныптан бастап «Үлгі» колхозы мектебінің интернатына орналастырылады. Еркеғали оқуда алғыр болып өсті. 1948 жылдың маусым айында концерттік ансамбльмен Нұрғиса Тілендиев, Бекен Жылысбаев және баянда ойнайтын Константин Ошлаковтар ауылға келеді. Олардың ойында Балқаш маңындағы ауылдарға өнер көрсетумен қатар, П.И.Чайковский атындағы училищеге дарынды жасөспірімдерді таңдап алу мақсаты да бар еді. Жоғары сыныптардың оқушыларын тыңдап, сынаған комиссия мүшелері олардың ішінен  Еркеғалимен қоса есептегенде төртеуін таңдап алды. Еркеғали 1948 жылдың күзінде домбыра класы бойынша музыкалық училищенің оқушысы

Қазақ музыка әдебиеті, 5 сынып   Сабақ № 1 Тақырыбы: К.Күмісбековтің  өмірі мен шығармашылығы. Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалары Қазақстанның көрнекті композиторы, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Кенжебек Күмісбеков - Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Құмкөл ауылында дүниеге келген. Кенжебекке киелі өнер ана сүтімен, әке қанымен бойына дарыған. Өйткені, әкесі сол өңірге әншілігімен танымал болған кісі, әкесі домбыраның құлағында ойнайтын шебер орындаушы болған. Кенжебекті алғаш рет өнер ортасына келуіне қазақ мәдениетінің тарихына енген, табиғатынан тума дарын иесі болған өзінің жақын ағайыны, күйші Ілияс Әубәкіров себепкер болған. 1948 жылы Кенжебекке кәсіби музыкалық білім алуға А.Жұбанов пен Л.Хамиди аға буыннан кеңес берген өкілдері болды. 1949 ж. Күмісбеков Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына вокал бөліміне оқуға түседі, бірақ денсаулығына байланысты,

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ № 5 Тақырыбы: Жетісу мектебі Жетісу мектебі– қазақтың көне әндерінің, әсіресе халықтық әуендердің мол сақталған әншілік өнер шоғыры саналады, орындалуы мен домбырада сүйемелденуі Арқа әндеріне өте ұқсас, сондықтан бұл мектептің өкілдерінің репертуарында Арқа сазгерлерінің әндері де кең орын алады. Жетісу әншілігінің көрнекті өкілдері ретінде Жамбыл, Кенен, Қапез, Пішан, Дәнеш Рақышевтарды атай аламыз. Жетісу ән мектебінің кәсіби тұғырын қалаған – Ж.Кәрменов, оның ізін жалғастырушы шәкірті – Е.Қосбармақов. Жастық шақ кезінде шығарылған Иса Тергеусізұлының әні «Жер жаннаты – Жетісу». Мұнда жайбарақат жатқан елдің өмір-салты, табиғат сұлулығы бейнеленіп, әуені сөзіне сай көтеріңкі, көңілді берілген. Бізге жеткен Иса әндерінің музыкалық үні, ырғағы, жалпы стилі

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ № 4 Тақырыбы:Батыстың әндері Батыс  Қазақстандық  әншілік мектеп-еліміздің батыс өлкесінде дамыған. Бұрынғы Бөкей Ордасының жерінде шырқалған төкпелі жыр негізінде синтезделген желдірмелі ән Мұхит арқылы жаңа белеске көтерілді. Мұхит әндері Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе жерінен бастау алып Сыр мен Арқаға дейін қанатын жайған. Бұл мектептің басында Ғарифолла Құрманғалиев тұр, Ғарифолла Құрманғалиевпен үзеңгілес өнерпаз ретінде Әли Құрмановтын есімін құрметпен атай аламыз. Ғ.Құрманғалиев осы мектептің жеке арнаға айналып үлкен өнер саласы болуына көп тер төкті. Ғарифолла мектебінен шыққан оның шәкірттері –  Қ.Бекбосынов,Қ.Орашева, Қ.Рахимова, А.Дәрібаева,  Ж.Сәрсенғалиев. Қ Ақтаев. М.Төрешов, Қ.Бердіғалиев, Ә.Еңкебаев, Қ.Құлышева, С.Таутаева, С.Рахметжанов,  С.Әбдірахманов, С.Жанпейісова, С.Мырзабаева, А.Қосанова, Қ.Кәкімовтар. Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның халық артисі Құрманғалиев Ғарифолла

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ № 3 Тақырыбы:  Тыңдалым Романс тектес әндер – «Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни» т.б.Сатиралық-юморлық әндер–«Он алты қыз», «Ағашаяқ», «Құлбай бай» т.б.Қара өлеңге құрылған әндер–«Сәулем-ай», «Еркем-ай», «Қамажай», «Жеті арал жерім-ай» т.б.Қыз-келіншектер әндері–«Майра», «Дудар-ай», «Әупілдек» т.б.Желдірме әндер–термелер, арнау, насихат әндер т.б. 6.Эпостық мазмұндағы әндер–жырлардың кейіпкерлерінің атынан айтылатын әндер – «Жігіттің падишасы — Әмір Темір», «Қос мүйізді Ескендір» т.б. Авторлық-арнау әндер. «Молдабайдың әні», «Ғазиздің әні», «Бүркітбай», «Шашубай», «Теміртас» т.б.Тыңдалым: https://www.youtube.com/watch?v=zIKGQx_bD4IЕркін Шүкіман халық әні «Ақбақай» https://www.youtube.com/watch?v=1Q0aieT_Pf4Рамазан Стамғазиев «Жиырма бес» https://www.youtube.com/watch?v=FRRGhDkuGwUСтамгазиев Рамазан – «Ағаш аяқ» сатиралық-юморлық әндер https://www.youtube.com/watch?v=_ZeLWQSroLE  Үйге тапсырма: Ұнаған әндерге  эссе жаз.

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ № 2 Тақырыбы:  Арқа  мектебі Арқа мектебі –қазақы әншіліктің мейлінше дамыған саласы болып табылады. Арқа мектебінің өкілдері деп –Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Майра Уәлиқызы, Шашубай, Тайжан т.б. саңлақтарды атауға болады. Арқа әндері біркелкі еркін ырғақпен айтылады, диапозоны мейлінше кең болады. Арқа әндерінің кәсіби мектебін жасағандар – Ж.Елебекеов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосыновтар, бұлардан өзге, ән өнерінде ерекше із қалдырған Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, Қ.Бабақов, Қ.Лекеров, Б.Жылқыбаев, М.Ержанов,  Ж.Омарова, Р.Есімжанова, Р. Қойшыбаева, М.Көшкінбаев, И.Әлібаев,    Ж.Қартабаева, Л.Сүйіндікова, М.Ешекеевтердің  атын атай аламыз. Арқа мектебінің көрнекті өкілі, әнші, ақын, компазитор Біржан сал. Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ № 1 Тақырыбы:  Дәстүрлі ән мектебі Халқымыздың рухани өміріндегі күрделі де өзіндік ерекшелігі мол асыл мұраның бірі ән-өнері, әншілік дәстүр. Ән өнері-адам сезіміне, қоғам толғанысына, халық тағдырына сергек үн қосатын рухани үрдіс. Дүние тіршіліктің үлкенді-кішілі барша құбылысына ең алдымен ән өнері қолқанат болғандай. Ән өнеріміздің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай оның тарихи түп-тамырына ден қойып, халықтың –қатпарлы өмір жолындағы белгі нышандарын болжауға көңіл аударған абзал.          Бүгінгі таңда қазақтың ән өнері аймақтық сарындарына қарай дәстүрлі мектептерге бөлінеді. Қазақстанның Орталық және Солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.Қазақстанның Оңтүстік және Жетуісу өңірін қамтитын әншілік мектеп.Қазақстанның Батыс өңірін қамтитын әншілік мектеп.Сыр бойының әншілік-термешілік мектебі.Қазақстанның Шығыс