Top
a

Тапсырмалар

  • Рубрик нет
  • 1-сынып.  Композиция Сабақ № 3 Тақырып: Құстарға байланысты ою-өрнектер. Құстарға байланысты өрнектер түрлері: «құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын»,  «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т.б. "Құсқанаты" - қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді. Үй жұмысы: Осы оюды бейнелеу.

    1-сынып.  Композиция Сабақ № 2 Тақырып: Қазақ ою-өрнектерінің түрлері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз- әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақтар оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен

    1-сынып.  Композиция Сабақ № 1 Тақырып: Қазақ оюлары Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңде  (19 ғасырдан кейін) қазақтар үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектер, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық деген түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына) кең тараған. Ою – өрнетер бейнебаян: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=15491414200547979275&from=tabbar&parent-reqid=1585336585902855-316511260500462328900288-production-app-host-sas-web-yp-132&text=ою+өрнек+түрлері Үй жұмысы: Ою – өрнектер сал.