Top
a

Тапсырмалар

  • Рубрик нет
  • 1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 4 Тақырып: Папье – маше Папье – маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс. Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипе және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады Папье –шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін жайпақ табақша, кесе, түрлі геометриялық денелерді пайдалануға болады. Папье – маше жұмысын орындау. Табақшаның сыртына бірінші жапсырылатын қағазды желім қосылмаған таза су жібітеміз. Сонда жұмысты толық аяқтап, кептіргеннен кейін, табақшадан бөліп алу оңай болады. Алғашқы жапсырылған қағаз үстіне 5-7 қабат желім араластырылған суға жібітілген қағаз жапсырылады. Ең соңғы қабатын ақ қағазбен тегіс, біркелкі етіп жапсырмалайды. Қағаз желімденген

    1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 3 Тақырып:  Керамикаға көркем жазу. Көркем керамика - қолданбалы сәндік өнерінің тәжірибелік (ыдыс аяқ, ойыншықтар, тұрмыс бұйымдары) немесе балшықтың әр түрінен механикалық әдіспен, қолмен жасалған, соңынан арнайы сурет салынып, ою-өрнектер ойылып жапсырылып т. б. жұмыстары қолмен істеліп, күйдірілген бірыңғай сәндік (мүсіндер, сувенир т. б.) бұйымдардың жиынтығын құрайтын түрі. Қазақстан мұражайларында Абай Құнанбаевқа арналған көркем керамикалық бұйымдардың біразы сақтаулы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейінің қорында 2 сәндік құмыра (қыш, шыңылтыр, тұздар, оймыштау) тұр. Бірінің бүйірінде шеңбер ішіне Абайдың портреті салынып, «Талап, еңбек, терең ой, Қағанат, рақым ойлап

    1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 2 Тақырып: Витраж (Шынымен жұмыс) Витраж(фр. vitre, лат. vitrum - шыны) - металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция. Әдетте, терезеге, есікке, арқалық қабырғаға дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді. Құрылыс тәжірибесінде ғимараттың түгел немесе ішінара әйнектелген қасбеті де Витраж деп аталады. Витраждың қарапайым түрлері Ежелгі Мысырда б.з.б. 2 - мыңжылдықтан бастап жасалған. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа сәулет өнерінде ғибадатханалардың интерьерлерін безендіруде Витраж өнері шарықтау шегіне жетті. Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 - 70 жылдары қоғамдық ғимараттар,      театр,  кафе, бар, мектеп, кинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады. Оның қызғылықты бір үлгісі -"Медеу" мейманханасындағы холл Витражы. Монументтік витраж бас

    1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 1 Тақырып: Жұмсақ ойыншық. Эскиз салу Ертеректе әдемі киінген, бұрымында алқызыл таспасы бар қуыршақтар той дастарқанын безендіріп тұрған. Қуыршақ көпке дейін бет-әлпетсіз болды, өйткені адамдар кісіге ұқсатуға қорықты, бет-әлпеті бар қуыршақтар жанданып, балаға зақым келтіреді деп санаған. Уақыт өте бұл сиқырлы ұғым ұмытылып, қуыршаққа көз, ауыз, мұрын салып тіге бастады. Қуыршақ дайындаудың біраз нұсқасы бар, жұмыста қолданылатын техникалық әдістердің әртүрлілігіне қарамай, дененің жасалу әдісіне қарай заттарды 4 типке бөлуге болады: Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар.Сымдық қаңқалы қуыршақтар.Қолжаулық қуыршақтар.Классикалық қуыршақтар. Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар гипс, фарфор немесе папье-маше сияқты құрылымы қатты материалдан жасалады. Ойыншықтың негізін тығыз матадан тігілген денесі құрайды. Қаңқасыз ойыншықтардың пішінін толықтыратын материалдарды