Top
a

Мәтіндер

  • Рубрик нет
  • 1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 4 Тақырып: Папье – маше Папье – маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс. Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипе және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады Папье –шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін жайпақ табақша, кесе, түрлі геометриялық денелерді пайдалануға болады. Папье – маше жұмысын орындау. Табақшаның сыртына бірінші жапсырылатын қағазды желім қосылмаған таза су жібітеміз. Сонда жұмысты толық аяқтап, кептіргеннен кейін, табақшадан бөліп алу оңай болады. Алғашқы жапсырылған қағаз үстіне 5-7 қабат желім араластырылған суға жібітілген қағаз жапсырылады. Ең соңғы қабатын ақ қағазбен тегіс, біркелкі етіп жапсырмалайды. Қағаз желімденген

    1 – сынып.  Қолөнері  пәні Сабақ № 3 Тақырып:  Керамикаға көркем жазу. Көркем керамика - қолданбалы сәндік өнерінің тәжірибелік (ыдыс аяқ, ойыншықтар, тұрмыс бұйымдары) немесе балшықтың әр түрінен механикалық әдіспен, қолмен жасалған, соңынан арнайы сурет салынып, ою-өрнектер ойылып жапсырылып т. б. жұмыстары қолмен істеліп, күйдірілген бірыңғай сәндік (мүсіндер, сувенир т. б.) бұйымдардың жиынтығын құрайтын түрі. Қазақстан мұражайларында Абай Құнанбаевқа арналған көркем керамикалық бұйымдардың біразы сақтаулы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейінің қорында 2 сәндік құмыра (қыш, шыңылтыр, тұздар, оймыштау) тұр. Бірінің бүйірінде шеңбер ішіне Абайдың портреті салынып, «Талап, еңбек, терең ой, Қағанат, рақым ойлап

    Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ №7 Тақырып: Жұмсақ ойыншық Қазақ балалары қандай ойыншықпен ойнады? Бұрынғының балалары қуыршақты өздері жасап алатын, ойыншықпен ойнаған баланың зейіні артатыны дәлелденген. Ресейдегі Кунсткамера музейінде біздің ата-әжелеріміз ойнаған сан түрлі ойыншықтар сақталған. Соның бір қатарымен таныстырып өтсек. Мәселен, мына суреттегі қолдан жасалған қуыршақ қыз (үстіңгі екі сурет) музейге XX ғасырдың басында Ақмола облысынан жетзіліліпті. Негізі ағаштан, киімдері матадан жасалған. Ең ғажабы, қуыршақтың бет-жүзі көрсетілмепті. Керісінше қуыршақтың басына орамал таққан. Ұзын етек, кең көйлек кигізген. Осыған қарап-ақ біздің ата-бабаларымыздың балаға нағыз мұсылманша тәрбие бергенін байқауға болады. Ол кезде қуыршақтардың «жиһаздары» да болған

    Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 6 Тақырып: Жұмсақ ойыншық XIX - XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни әр ұлтқа тән нақыштары болған. Қуыршақ дайындаудың біраз нұсқасы бар, жұмыста қолданылатын техникалық әдістердің әртүрлілігіне қарамай, дененің жасалу әдісіне қарай заттарды 4 типке бөлуге болады: 1. ЖҰМСАҚ; ҚАҢҚАСЫЗ ҚУЫРШАҚТАР 2. СЫМДЫҚ ҚАҢҚАЛЫ ҚУЫРШАҚТАР 3. ҚОЛЖАУЛЫҚ ҚУЫРШАҚТАР 4. КЛАССИКАЛЫҚ ҚУЫРШАҚТАР Жұмсақ, қаңқасыз қуыршақтар гипс, фарфор немесе папье-маше сияқты құрылымы қатты материалдан жасалады. Бейнебаян: https://youtu.be/aHEpC46e3_0  Үй тапсырмасы:  түрлі түсті қалдық маталардан қалаған ойыншықтарды жасап үйрену.

    Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 5 Тақырып: Жұмсақ ойыншық Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген -балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Ең көне Египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған.   Бейнебаян: https://youtu.be/yt0lLf9EZRQ Үй тапсырмасы:  түрлі түсті қалдық маталардан қалаған ойыншықтарды жасап үйрену.

    Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 4 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Кесте  – сәндік қолөнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін  шалыс, жатық, терме, жөрмеу  тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.  

    Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 3 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Бейнебаян: https://youtu.be/NfrrNS3cFoY Үй тапсырмасы:  түрлі түсті жіппен кесте тоқуды үйрену.

    Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 2 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істеу кезінде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектін пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанының әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Ал кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған.   Бейнебаян: https://youtu.be/Vc9-2fvaFLo Үй тапсырмасы: бисермен еркін

    Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 1 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жәй суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Мысалы: алқа, білезік, белдік, сөмкелер, шаш буғыш, және әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншықтар да тоқуға болады. Бейнебаян: https://youtu.be/Vc9-2fvaFLo Үй тапсырмасы: бисермен еркін тақырыпта жұмыс жасау.