Top
a

Мәтіндер

  • Рубрик нет
  • Сабақ № 3  Тақырып: Диктант Диктант оқушының  сақтау,есту қабілеттін дамыту мақсатында жазылады.Сонымен қатар нота сауаттылығын арттырады. Диктант бірнеше рет ойналады. Диктант жазудағы ереже:сазын,өлшемін,ырғағын,дыбыс биіктігін анықтау. Диктант до мажор сазында,өлшемі 2/4, 8 такті,екі сөйлемнен тұрады. Жарты,төрттік ноталар кездеседі. Үй тапсырмасы:Диктантты аяқтау және әуендетіп айту.

    Сабақ №2  Тақырып: 3/8өлшемі. 3/8өлшемін топтастыру. Өлшем дегеніміз-нота кілтінен кейін жазылатын сан. Жоғарғы сан  такті ішіндегі үлесті, ал төменгі сан нота ұзақтығын көрсетеді. 3/8 өлшемінде –сегіздік үлестен үшеу деген сөз. Яғни, әр такт ішін үшке санаймыз. 3/8өлшеміне: төрттік сегіздік,нүктелі төрттік нота,екі сегіздік екі он алтылық,бір сегіздік төрт оналтылық ноталарды топтастыруға болады. Үй тапсырмасы:мәтінді дәптеріңе жаз

    Сабақ № 1  Тақырып: Аралықтар. Екі дыбыс аралығын  «Аралықтар дейміз. 1-дыбыс-прима 2-дыбыс- секунда 3-дыбыс- терция 4-дыбыс-кварта 5-дыбыс -квинта 6 -дыбыс секста 7-дыбыс- септима 8-дыбыс аралығы октава деп аталады. Аралықтар: таза,үлкен,кіші болып үшке бөлінеді.Т1,Т4,Т5,Т8. Ал секунда,терция,секста,септима аралықтар -үлкен кіші болып екіге бөлінеді. Мысалы:Ү2,к2. Үй тапсырмасы:Аралықтарды  «фа», «соль» дыбысынан құрау. Ережені жаттау

    Сабақ № 3  Тақырып: Диктант Диктант оқушының  сақтау,есту қабілеттін дамыту мақсатында жазылады. Сонымен қатар нота сауаттылығын арттырады. Диктант бірнеше рет ойналады. Диктант жазудағы ереже:сазын,өлшемін,ырғағын,дыбыс биіктігін анықтау. Диктант до мажор сазында,өлшемі 2/4, 8 такті,екі сөйлемнен тұрады.Жарты,төрттік ноталар кездеседі. Үй тапсырмасы:Диктантты аяқтау және әуендетіп айту.

    Сабақ№2    Тақырып:Аралықтар айналымы. Аралық дегеніміз-екі дыбыстың ара қашықтығы. Прима,секунда,терция,кварта,квинта,секста,септима,октава. Осы 8 аралықтың  өз айналымы бар. Прима- октаваға,секунда –септимаға, терция – секстаға,кварта –квинтаға айналады. Және керісінше октава-примаға,септима – секундаға,секста-терцияға,квинта –квартаға айналады. Үлкен - кішіге,кіші- үлкенге,таза сол күйде қалады. Бұл айналымды функционалды айналым деп атаймыз. Үй тапсырмасы: Аралықтар айналымын жаттау.

    Сабақ №1 Тақырып: Негізгі сатылардың  үшдыбыстылықтары. Үшдыбыстылық дегеніміз  үш дыбыстан яғни екі терциядан құралан үшдыбыс. Үшдыбыстылықтар I сатыда «Тоникалық» IY  сатыда «Субдоминантолық» Y сатыда «Доминанталық» үшдыбыстылықтар құралады. Мысалы: До мажор гаммасында: «Тоникалық» үшдыбыстылық «до» -«ми»- «соль». «Субдоминантолық» үшдыбыстылық  «фа- «ля» -«до» «Доминанталық» үшдыбыстылық  «соль»- «си»-«ре». Бұл  үшдыбыстылықтардың өз айналымдары бар. Негізгі сатылардың  үшдыбыстылықтары  «мажор» сазында да «минор» сазында да I,IY,Y  сатыларда құрылады. Үй тапсырмасы: негізгі сатылардың  үшдыбыстылықтары  ережесін жаттау.Gdur-e moll сазында құрау, әуендетіп айту.

      5 СЫНЫП. Сольфеджио  № 1 САБАҚ Тақырыбы: № 15 Жаттығу    Л. Жуманова. Жаттығуға талдау жұмыстарын жүргіземіз. Кілттік белгісі си бемольӨлшем 4/4 Ля нотасынан басталып, ре нотасымен аяқталып тұрТональдігі ре минорНота ұзақтығына назар аударсақ: сегіздік, төрттік, жартылық, төрттік нота нүктесімен сегіздік ноталар Жаттығуды талдап болған соң, нотаға қарап мүмкіндік болса, аспаптың сүйемелдеуімен жаттығуды бірнеше рет әндетіп айтамыз. Үйге тапсырма: № 15 жаттығуды жаттау

    4 сынып, сольфеджио   № 2 сабақ Тақырыбы:D7 доминантсептаккорд және оның құрылымы. D7 ережесі: -Терция арқылы орналасқан  төрт дыбыстан тұратын  аккордты септаккорд деп атаймыз. -Септаккорд деп аталу себебі, оның шеткі дыбыстары септима аралығын   құрайды. Музыкада септаккордтың көптеген түрлері қолданылады. Ең көп тарағаны мажор мен гармониялық минордың V басқышында құрылатын септаккорд. Оның аты  Доминантсептаккорд деп аталады. Доминантсептаккорд мажорлы үшдыбыстылық пен жоғарыдан қосылған кіші терциядан құралады (ү3+к3+к3). Доминантсептаккордтың дыбыстары, негізгі дыбыстан бастап санағанда, прима, терция, квинта, септима деп аталады. Үй тапсырмасы: Доминантсептаккорд ережесін жаттау.                       

    № 1 сабақ Тақырыбы: Үшдыбыстылықтың түрлері Жалпы музыкада үшдыбыстылықтың 4 түрі бар: Мажорлы үшдыбыстылық : ү3+к3Минорлы үшдыбыстылық:  к3+ү3Кішірейтілген үшдыбыстылық: к3+к3Үлкейтілген үшдыбыстылық: ү3+ү3 Үйге тарсырма: Үшдыбыстылық түрлерінің тондық құрамын жаттау. № Үшдыбыстылықтың түрлері Тондық құрамы 1 Маж  5/3 Ү3+К3 2 Мин  5/3 К3+ Ү3 3 Кіш   5/3 К3+К3 4 Үлк   5/3 Ү3+Ү3

    Сабақ № 7 Тақырып:  Ри минор тональдігі  Ре минор тональдігінің ережесі: 1.Ре минор – минор сазына жатады. 2.Ре минордың тоникасы – ре. 3.Ре минордың кілттік белгісі – си бемоль. 4.Ре минордың тұрақты дыбыстары: ре, фа, ля тұрақсыз дыбыстары: ми, соль, си бемоль, до. 5.Ре минор – фа мажорға параллель.       Ри минор гаммасының үш түрі бар: табиғи, үйлесімді, әуенді. Ре минордың  табиғи түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до, ре. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до, си бемоль, ля, соль, фа, ми, ре. Ре минордың үйлесімді түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до#, ре. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до бекар, си