Top
a

Тапсырмалар

  • Рубрик нет
  • 5 СЫНЫП. Сольфеджио  № 2 САБАҚ Тақырыбы: Квинталық шеңбер Тональдіктегі кілттік белгілер: До мажор – ля минор кілттік белгісі жоқ.Соль мажор – ми минор кілттік белгісі: фа диезРе мажор – си минор кілттік белгілері: фа диез, до диезЛя мажор – фа диез минор кілттік белгілері: фа диез, до диез, соль диезФа мажор – ре минор кілттік белгісі: си бемольСи бемоль мажор – соль минор кілттік белгілері: си бемоль, ми бемольМи бемоль мажор – до минор: си бемоль, ми бемоль, ля бемольМи мажор  - до диез минор : фа#, до #, соль #, ре # Ля бемоль мажор –

    2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   Сабақ № 7 Тақырып: Балет өнері Орыс балеті         XIX  ғасырдың бас кезінде орыстың балет өнері едәуір табысқа жетті. Е.И. Колосова, М.И. Данилова, А.И. Истомина, А.П. Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен бой көрсетті. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы композиторы П.И. Чайковский болды. Балетмейстерлер М. Петипа мен Л.И. Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның “Спящая красавица ”, “Лебединое озеро ” және “Щелкунчик” (1890 — 1895) балеттерін қойды. Қазақ балеті           Қазақ балеті алғашында драматикалық, опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. 1938 жылы қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш

    2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 6 сабақ Тақырып: Балет өнері Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль. Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Балетте  либретто жазушыны  сценарист, музыка шығарушыны - композитор, билерді қоюшыны-  балетмейстер деп атайды. Балеттің мазмұны би мен пантомима арқылы бейнеленеді. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыка-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Балет өнері:  шағын балет, балет-пантомима, балет-феериялар болып бөлінеді. Балет қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған көбінесе

    2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 5 сабақ Тақырып: Опера өнері Орыс операсы         Алғашқы орыс опералары 18 ғасырдың 70-жылдары пайда болды. Классикалық орыс операсының негізін салған М.И.Глинка. Оның халықтық-патриоттық тақырыпқа жазылған "Иван Сусанин" (1836) мен "Руслан и Людмила" (1842)  реалистік опера өнерінің үлгілері болып табылады. Ресейде тұңғыш әлеуметтік-тұрмыс драмасын А.С. Даргомыжский жазды. ("Русалка", 1855)  "Могучая кучка" композиторлары орыс операсын одан әрі дамытып, оның классикалық үлгілерін жасады.  Музыкалық театрда П.И. Чайковскийдің опералық шығармашылығы ерекше орын алады.. Орыс операсының дамуына мол үлес қосқан композиторлар:А.Г. Рубинштейн, С.В. Рахманинов, А.Н. Серов, т.б. Қазақ операсы      Қазақтың опера өнерінің дамуы 20 ғ.басынан  басталды.   1934

    2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 4 сабақ Тақырып: Опера өнері   Опера дегеніміз- музыкалық спектакль. Онда кейіпкерлер сөйлемейді, оркестр сүйемелдеуімен әндетеді. Операда мәтін болады, оны либретто деп атайды. Опера увертюрадан басталады. Увертюра опера мазмұнын айқындайды. Увертюраны тек оркестр ғана орындайды. Операда ән басты роль атқарады. Операда жеке айтылатын әндерді – ария, ариозо, каватина, монолог, баллада деп атайды. Речитатив  - операда тақпақ сазды айтылатын  қысқа әуен.  Ансамбльдер - дуэт, трио, квартет, квинтет, хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер опералық музыканың түрлеріне жатады.  Кейіпкер ария айтқан уақытта оның бейнесі орындалған  музыка арқылы бейнеленеді. Опера өнердің бірнеше түрін қамтиды, сондықтан оны синтездік өнерге жатқызады. (бейнелеу өнері, би, театр,

    2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 3 сабақ Тақырып: Бақылау сабағы 1. Музыкалық жанр дегеніміз не? а) шығармалар топтамасы ә) шығармалар жиынтығы б) шығармалар жиынтығы 2. Жанр неше түрге бөлінеді? а) 2; ә) 3; б) 4; 3. Фольклордың қай түрі? а) аспаптық; ә) вокалдық; б) аспапты вокалдық; 4. Неліктен халық әні деп аталады? а) авторы ұмытылып кеткен әндер; ә) авторы белгіліболғандықтан; б) халық айтатын әндер болғандықтан; 5.Марш дегеніміз не? а) халық әні; ә) халық әні; б) жанрдың бір түрі; 6. Гопак биін белгілеңіз А) Ә) Б) а)  ә)  б) 7. Би дегеніміз не? а) жанрдың бір түрі; ә) вокалдық музыка; б) аспаптық музыка; 8. Полька биінің отаны  - а) Польша; ә) Сицилия; б) Украина;  Тест қорытындысы: Өте дұрыс жауап 10 балл;Дұрыс жауап - 5 балл;Нашар жауап – 0 баллмен бағаланады.                                                                   

    4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті № 3 сабақ Тақырып: Н.А.Римский-Корсаков «Снегурочка» (Ақшақар) операсы                                                                                         Бүгін А. Н. Островскийдің пьесасының желісімен жазылған орыс халқының композиторы Н. А. Римского-Корсаковтың «Снегурочка»  операсының либреттосымен танысамыз.        Ерте ерте ертеде шал мен кемпір болыпты. Екеуі тату тәтті өмір сүрген екен. Бәрі жақсы сиақты, бір қайғылары перзент сүймепті. Міне, ақ қылышын сүйретіп қыс та келді. Кішкентай балалар жүгіріп ойнап, аққала жасап, қуанып жүр. Ал шал мен кемпір болса терезеден қараса  өздерінің қайғысы естеріне түседі

    № 2 сабақ Тақырып: Н.А.Римский-Корсаков опералық шығармашылығы.                                                                                          Римский – Корсаковтың операларының мазмұны мен көркемдік кейпі, формасы мен музыкалық драматургиясы әртүрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық, лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді операларымен бірге кішігірім бірактілік операларды да  жазды. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған. Композитордың опералық шығармашылығында ертегілік – эпикалық жанрда жазылған опералары ерекше  орынды иеленеді. Римский-Корсаковтың ертегілік операларында орыс халқының өмірі, оның тұрмысы, наным-сенімдері, ұғымдары, әдет-ғұрыптары шынайы бейнеленген. Өзгеше, әдеттегі корсаковтық кейіпкерлер көркемдік дарынды тұлғалар, халық ақындары мен музыкантары  болып табылады. Бұндай түрлі кейіпкерлерді жасау үшін Римский-Корасков халық шығармашылығына, халық әндері мен ертегілеріне сүйенген. Римский

    4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті  № 1 сабақ Тақырып: Н.А.Римский-Корсаков. Өміржолы, шығармашылығы.           Николай Андреевич Римский-Корсаков - 1Ресейдің  композиторы, дирижер. 844 жылы Новгород губерниясының  Тихвин қаласында дүниеге келді. Композитордың болашағына оның үлкен ағасы, теңіз офицері, болашақ контрадмирал Воин Андреевич қатты әсер етті. 6 жасында ол үйде білім алып, фортепианода ойнай бастады, бірақ музыка балаға кітаптарға қарағанда әлдеқайда үлкен әсер етті. Оған әсіресе  шіркеу әндері қатты ұнайтын. Сонымен қатар орыстың ұлттық әндеріне қызығушылығы артты.    11 жасында ол өзінің алғашқы музыкалық шығармаларын жаза бастады. 1856 - 62 жылдар аралығында  теңізшілер кадет корпусында оқыған. 1858 ж. пианист Ф.А. Канилледен дәріс алған. Римский -Корсаков М.Балакиревтің “Могучая кучка” шығармашылық

    5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті Тақырып: Қорытынды сабақ Төменде көрсетілген композиторлардың қайсысы Америкада тұрды және қайтыс болды? А) Чайковский Б) Рахманинов В) Скрябин Г) Глинка«Прометей» және «Поэма экстаза» симфониялық шығармалараының авторы кім? А) Рахманинов Б) Скрябин В) Стравинский Г) ТанеевА.Скрябин және С.Рахманинов – кімнен сабақ алды? А) Глазунов Б) Чайковский В) Глинка Г) Танеев1882-1971 жылдар қай композитор өмір сүрді?