Top
a

Сурет сыныбы

2-сынып.  Кескіндеме Сабақ № 2 Тақырып: Түсті қарама- қарсылығы, 3-5 заттың тақырыптық натюрморт этюды (гуашь) Этюд – Қысқа мерзімдік этюд орындай отырып оқушылар өзінің живопистік шеберлігін ұштай түседі. Түстік байланыстар - кеңістіктегі бейнеленетін заттардың реңдік, түстік, тональдық, жарық-көлеңкелік айырмасын айтуға болады. Бір заттан екінші затқа көлеңке жағынан түсіп тұрған жарық әсері рефлекс деп аталады. Жекеленген нәрселердің заттардың кеңістік көлемінде нақты өзіндік түстері түсетін жарық күшіне байланысты өзгереді. Сондықтан этюдті орындағанда қойылымдағы заттардың түс қайшылығын белгілі бір пропорциялық тұрғыда сақтау керек. Бейнебаян:https://yandex.kz/video/preview/?filmId=14723859578535082497&from=tabbar&text=авакадо+гуашью Үй жұмысы: Үйде қысқа мерзімді этюд жеміс – жидек салу.

2-сынып.  Кескіндеме Сабақ № 1 Тақырып: Әр түрлі стильдегі екі натюрморт этюды  (гуашь) Кескіндеме – бенелеу өнеріндегі басты көрініс. Кеңістіктегі зат әлемін бейнелеуде негізгі оның түс бояу болады. Гуашь - бояуымен картон және фанер бетіне де жазуға болады. Орындалған жұмыста бархат тұрғыда жұмсақ көрініс береді. Гуашь бояулары кепкен кезде көп ағарып кетеді, сондықтан оны түсіну үшін гуашпен көп жұмыс орындап үйрену керек. Бейнебаян:https://yandex.kz/video/preview/?filmId=8001681733511316128&p=1&text=натюрморт+гуашь Үй жұмысы: 3-4 затты натюрмортты бейнелеу.

Сабақ №2. Тақырып: Ұзақ салынатын гипстік разетка                Құрылымын табу. Жеке детальдау Натюрморт салу деген, ол жазықтық бетіне жансыз нәрселерден қойылым жасап, содан тікелей сурет салу әдісі. Мысалы, жазықтық бетіне ыдыс - аяқтан, геометриялық денелерден, түрлі көкөністерден теңіз заттарынан натюрморт құрастыруға болады. Мұны "нақты нұсқа" немесе бейнелеу тілімен "натура" деп атайды. Натюрморт салу үшін дайын нұсқадан екі метрдей қашықтықта отыруымыз керек. Нұсқаны тіке, яғни тіке алдынан, оң жағынан, сол жағынан да салуға болады. Натюрмортта бейнеленетін заттардың немесе нәрселердің түстері де, көлемдері де әр түрлі болып, көрерменге ой тудырса, сол шығарма маңызды. Мысалы, бір заттан орындалған