Top
a

Тапсырмалар

  • Рубрик нет
  •   5 СЫНЫП. Сольфеджио  № 1 САБАҚ Тақырыбы: № 15 Жаттығу    Л. Жуманова. Жаттығуға талдау жұмыстарын жүргіземіз. Кілттік белгісі си бемольӨлшем 4/4 Ля нотасынан басталып, ре нотасымен аяқталып тұрТональдігі ре минорНота ұзақтығына назар аударсақ: сегіздік, төрттік, жартылық, төрттік нота нүктесімен сегіздік ноталар Жаттығуды талдап болған соң, нотаға қарап мүмкіндік болса, аспаптың сүйемелдеуімен жаттығуды бірнеше рет әндетіп айтамыз. Үйге тапсырма: № 15 жаттығуды жаттау

    Сабақ № 3 Тақырып: Альтерация белгілері. Ережесі:    Дыбысты жоғарлататын немесе төмендететін белгілерді – альтерация белгілері деп атаймыз.Музыкада 5 альтерациялық белгі бар:#   диез                 - дыбысты 0.5 тонға жоғарлатадыХ   дубль диез     - дыбысты  1 тонға жоғарлатады   b    бемоль           -  дыбысты 0.5 тонға төмендетедіbb дубль бемоль – дыбысты 1  тоңға төмендетедібекар                    - қозғау күшін жояды. Үйге тапсырма:  Альтерация ережесін жаттау. Видео сабақтағы тапсырманы орындау    

    Сабақ № 2 Тақырып: Ре мажор, №89 жаттығу. Ре мажор тональдігінің ережесін есімізге түсіріп бір қайталап аламыз. Әрі қарай сабағымызды ре мажор тональдігінде гамманы төменнен жоғары қарай, сосын жоғарыдан төмен әндетіп айтамыз. Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешеміз. Дауыс қыздыру жұмыстарын жасап болған соң, көңілімізді № 89 жаттығуға аударамыз.№ 89 жаттығуға талдау жұмыстарын жүргіземіз. Кілттік белгілері: фа#,до#Өлшемі: 2/4Нота ұзақтығы: сегіздік , төрттік  және жартылық ноталарЛя нотасымен басталып, ре нотасымен аяқталып тұрЖаттығудың тональдігі – ре мажор.   Үйге тапсырма: № 89 жаттығуды жаттау.

    Сабақ № 1 Тақырып: Ре мажор тональдігі Ре мажор тональдігінің ережесі: Ре мажор – мажор сазына жатады,Ре мажордың тоникасы – ре,Ре мажордың кілттік белгілері: фа#, до#,Ре мажордың тұрақты дыбыстары: ре, фа#, ля,Ре мажор – си минорға параллель.  Тұрақты дыбыстары: ре, фа#, ля Тұрақсыз дыбыстары: ми, соль, си, до# Ре мажордың гаммасы: ре, ми, фа#, сол, ля, си, до#, ре. Үйге тапсырма: Ре мажор тональдігінің ережесін жаттау, Ре мажор гаммасын әндетіп айту,Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешу.