Top
a

2-сынып.Театр тарихы, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 8

Тақырыбы:  Номад театр,  Астаналық заманауи театры

         «Nomad City Hall» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Құрамына Астана комедия театры, Назар аудар театры, Әзіл әлемі театры кіретін «Nomad City Hall» МКҚК-нің директоры әрі көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.

«Nomad City Hall» концерт залында спектакльдерден бөлек Роза Рымбаева, Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Өмірқұл Айниязов, «Жігіттер» тобы, Алтынай Жорабаева, Төреғали Төрәлі, Айқын сынды эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Қазақстан ұлттық арнасының «Қайырлы кеш, Қазақстан» жобасы, «Әзіл әлемінің» жаңа бағдарламалары, талай талантты жастардың басын қосқан КТА ойындары және басқа да түрлі салалар бойынша концерттер мен іс-шаралар өтеді.

/AZT/ астаналық заманауи театры 2019 жылдың 3 тамызында құрылған. Театрдың басты ерекшелігі – бір қойылым үш тілде жүреді. AZT театры – еркіндіктің, эксперименттің және де фантасмагория, абстракция жанрындағы қойылымдардың  ошағы. Халықаралық «Самғау» фестивалінің лауреаты.

Репертуары: «Шекспир қиялы», «РЭволюц И Я», «Служанки», «Дуэль», «Бейтаныстар»

Теартрдың тағы бір ерекшелігі – театр жүз пайыз жастардан құралған. Труппада барлығы 16 актер бар, олар –Жақып Мадияр, Муминова Аяулым, Абай Айжарқын, Кәмен Жекебатыр, Еріков Әлібек, Наменов Марғұлан, Қалила Марғұлан, Алдонгаров Дархан, Каламышова Ұлжан, Батырбек Аян, Ерназаров Расул, Прекеш Дарын, Балмашев Ернұр, Сугурова Сабира.   

Көркемдік жетекшісі – Сабыр Батырхан

Режиссер – Алимбаев Аян

Театдың негізін қалаушылар: Сабыр Батырхан, Муминова Аяулым, Жақып Мадияр, Қалила Марғұлан, Алимбаев Аян

Тапсырма: Театр репертуаты,  актерлік құрамы туралы зертте
Театр парақшасы:  @Nomad_teatry, @azt_teatr
Театрдың ютуб парақшасынан: Nomad City Hall театр қойылымдарын қарап шық