Top
a

Топтық сабақтар

5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Тақырып:  Қорытынды сабақ       1. Төменде көрсетілген композиторлардың қайсысы Америкада тұрды және қайтыс болды?             А) Чайковский Б) Рахманинов В) Скрябин Г) Глинка 2. «Прометей» және  «Поэма экстаза» симфониялық шығармалараының   авторы кім?            А) Рахманинов Б) Скрябин В) Стравинский Г) Танеев 3. А.Скрябин  және  С.Рахманинов – кімнен сабақ алды?           А) Глазунов Б) Чайковский В) Глинка Г) Танеев 4. 1882-1971 жылдар қай композитор өмір сүрді?           А) Мясковский Б) Рахманинов В) Стравинский Г) Скрябин 5. Төмендегі  балеттердің қайсысын  Чайковский жазбады?          А) Петрушка Б) Лебединое озеро В) Спящая красавица Г) Щелкунчик 6. «Не пой красавица при мне» - қай жанрға жатады?          А) романс Б) прелюдия В) сюита Г) опера 7.

Сабақ № 3 Тақырып: Альтерация белгілері. Ережесі:    Дыбысты жоғарлататын немесе төмендететін белгілерді – альтерация белгілері деп атаймыз.Музыкада 5 альтерациялық белгі бар:#   диез                 - дыбысты 0.5 тонға жоғарлатадыХ   дубль диез     - дыбысты  1 тонға жоғарлатады   b    бемоль           -  дыбысты 0.5 тонға төмендетедіbb дубль бемоль – дыбысты 1  тоңға төмендетедібекар                    - қозғау күшін жояды. Үйге тапсырма:  Альтерация ережесін жаттау. Видео сабақтағы тапсырманы орындау    

Сабақ № 2 Тақырып: Ре мажор, №89 жаттығу. Ре мажор тональдігінің ережесін есімізге түсіріп бір қайталап аламыз. Әрі қарай сабағымызды ре мажор тональдігінде гамманы төменнен жоғары қарай, сосын жоғарыдан төмен әндетіп айтамыз. Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешеміз. Дауыс қыздыру жұмыстарын жасап болған соң, көңілімізді № 89 жаттығуға аударамыз.№ 89 жаттығуға талдау жұмыстарын жүргіземіз. Кілттік белгілері: фа#,до#Өлшемі: 2/4Нота ұзақтығы: сегіздік , төрттік  және жартылық ноталарЛя нотасымен басталып, ре нотасымен аяқталып тұрЖаттығудың тональдігі – ре мажор.   Үйге тапсырма: № 89 жаттығуды жаттау.

Сабақ № 1 Тақырып: Ре мажор тональдігі Ре мажор тональдігінің ережесі: Ре мажор – мажор сазына жатады,Ре мажордың тоникасы – ре,Ре мажордың кілттік белгілері: фа#, до#,Ре мажордың тұрақты дыбыстары: ре, фа#, ля,Ре мажор – си минорға параллель.  Тұрақты дыбыстары: ре, фа#, ля Тұрақсыз дыбыстары: ми, соль, си, до# Ре мажордың гаммасы: ре, ми, фа#, сол, ля, си, до#, ре. Үйге тапсырма: Ре мажор тональдігінің ережесін жаттау, Ре мажор гаммасын әндетіп айту,Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешу.

2-сынып. Әлем музыка әдебиеті Сабақ № 2 Тақырып: Музыкалық жанр. Ән жанры.     Халық әні — ауыздан ауызға таралған , халық жадында сақталған орыс ауыз әдебиетіндегі фольклорлық  музыка.  Орыс халық әнінің жанрлары халықтың өмірін, оның менталитетін және рухани мәнін айна ретінде бейнелейді. Туғаннан бастап өлімге дейінгі қарапайым адамның бүкіл өмірі халық әндерінде көрініс тапты. Орыс халық әндерінің маңызды ерекшелігі —халықтың қарапайым өмірі мен еңбегімен байланысты. Мысалы, тұрмыс-салт әндері,  еңбекке қатысты  әндер,  тарихи әндер және лирикалық әндер.                                                                                                                                                       Тұрмыс-салт әндеріне жыл мезгілдерін суреттейтін «Масленица», «Коляда», «Веснянка» әндері. «Масленица» - қысты шығарып салып, көктемді шақыру мерекесі. Масленица 

2-сынып. Әлем музыка әдебиеті Сабақ № 1 Тақырып: Музыкалық жанр. Ән жанры.       Ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан фольклорлық  музыка саласының бір тармағын құрайды.      Фольклор деген сөз көне ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Фольклор 3 тармаққа бөлінеді: Әдеби фольклор;Музыкалық фольклор;                                                                                                          Синтез фольклор; Әдеби фольклорға : Аңыз- әңгімелерЖаңылтпаштарЕртегілерМақал-мәтелдерБатырлар туралы жырлар және т.б. жатады. Музыкалық фольклорға:  Вокалдық музыка;Аспаптық музыка;Вокалды-аспаптық музыка; Синтез фолклорға әдеби фольклор мен музыкалық фольклордың қосындысы және театр өнері жатады. Музыкалық фольклордың бір саласы ән – халықтың

Қазақ музыка әдебиеті, 5 сынып   Сабақ № 2 Тақырыбы: Е.Рахмадиевтің  өмірі мен шығармашылығы. «Алпамыс» операсы Рахмади Жабықпаевтың ұлы Еркеғали 1930 жылдың 1 тамызында сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданындағы, бұл күндері «Мәдениет» деп аталатын ауылында дүниеге келген. Ол 6-сыныптан бастап «Үлгі» колхозы мектебінің интернатына орналастырылады. Еркеғали оқуда алғыр болып өсті. 1948 жылдың маусым айында концерттік ансамбльмен Нұрғиса Тілендиев, Бекен Жылысбаев және баянда ойнайтын Константин Ошлаковтар ауылға келеді. Олардың ойында Балқаш маңындағы ауылдарға өнер көрсетумен қатар, П.И.Чайковский атындағы училищеге дарынды жасөспірімдерді таңдап алу мақсаты да бар еді. Жоғары сыныптардың оқушыларын тыңдап, сынаған комиссия мүшелері олардың ішінен  Еркеғалимен қоса есептегенде төртеуін таңдап алды. Еркеғали 1948 жылдың күзінде домбыра класы бойынша музыкалық училищенің оқушысы

Қазақ музыка әдебиеті, 5 сынып   Сабақ № 1 Тақырыбы: К.Күмісбековтің  өмірі мен шығармашылығы. Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалары Қазақстанның көрнекті композиторы, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Кенжебек Күмісбеков - Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Құмкөл ауылында дүниеге келген. Кенжебекке киелі өнер ана сүтімен, әке қанымен бойына дарыған. Өйткені, әкесі сол өңірге әншілігімен танымал болған кісі, әкесі домбыраның құлағында ойнайтын шебер орындаушы болған. Кенжебекті алғаш рет өнер ортасына келуіне қазақ мәдениетінің тарихына енген, табиғатынан тума дарын иесі болған өзінің жақын ағайыны, күйші Ілияс Әубәкіров себепкер болған. 1948 жылы Кенжебекке кәсіби музыкалық білім алуға А.Жұбанов пен Л.Хамиди аға буыннан кеңес берген өкілдері болды. 1949 ж. Күмісбеков Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына вокал бөліміне оқуға түседі, бірақ денсаулығына байланысты,

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ № 5 Тақырыбы: Жетісу мектебі Жетісу мектебі– қазақтың көне әндерінің, әсіресе халықтық әуендердің мол сақталған әншілік өнер шоғыры саналады, орындалуы мен домбырада сүйемелденуі Арқа әндеріне өте ұқсас, сондықтан бұл мектептің өкілдерінің репертуарында Арқа сазгерлерінің әндері де кең орын алады. Жетісу әншілігінің көрнекті өкілдері ретінде Жамбыл, Кенен, Қапез, Пішан, Дәнеш Рақышевтарды атай аламыз. Жетісу ән мектебінің кәсіби тұғырын қалаған – Ж.Кәрменов, оның ізін жалғастырушы шәкірті – Е.Қосбармақов. Жастық шақ кезінде шығарылған Иса Тергеусізұлының әні «Жер жаннаты – Жетісу». Мұнда жайбарақат жатқан елдің өмір-салты, табиғат сұлулығы бейнеленіп, әуені сөзіне сай көтеріңкі, көңілді берілген. Бізге жеткен Иса әндерінің музыкалық үні, ырғағы, жалпы стилі

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ № 4 Тақырыбы:Батыстың әндері Батыс  Қазақстандық  әншілік мектеп-еліміздің батыс өлкесінде дамыған. Бұрынғы Бөкей Ордасының жерінде шырқалған төкпелі жыр негізінде синтезделген желдірмелі ән Мұхит арқылы жаңа белеске көтерілді. Мұхит әндері Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе жерінен бастау алып Сыр мен Арқаға дейін қанатын жайған. Бұл мектептің басында Ғарифолла Құрманғалиев тұр, Ғарифолла Құрманғалиевпен үзеңгілес өнерпаз ретінде Әли Құрмановтын есімін құрметпен атай аламыз. Ғ.Құрманғалиев осы мектептің жеке арнаға айналып үлкен өнер саласы болуына көп тер төкті. Ғарифолла мектебінен шыққан оның шәкірттері –  Қ.Бекбосынов,Қ.Орашева, Қ.Рахимова, А.Дәрібаева,  Ж.Сәрсенғалиев. Қ Ақтаев. М.Төрешов, Қ.Бердіғалиев, Ә.Еңкебаев, Қ.Құлышева, С.Таутаева, С.Рахметжанов,  С.Әбдірахманов, С.Жанпейісова, С.Мырзабаева, А.Қосанова, Қ.Кәкімовтар. Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның халық артисі Құрманғалиев Ғарифолла