Top
a

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ №4

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып

Сабақ № 4

Тақырыбы:Батыстың әндері

Батыс  Қазақстандық  әншілік мектеп-еліміздің батыс өлкесінде дамыған. Бұрынғы Бөкей Ордасының жерінде шырқалған төкпелі жыр негізінде синтезделген желдірмелі ән Мұхит арқылы жаңа белеске көтерілді. Мұхит әндері Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе жерінен бастау алып Сыр мен Арқаға дейін қанатын жайған. Бұл мектептің басында Ғарифолла Құрманғалиев тұр, Ғарифолла Құрманғалиевпен үзеңгілес өнерпаз ретінде Әли Құрмановтын есімін құрметпен атай аламыз. Ғ.Құрманғалиев осы мектептің жеке арнаға айналып үлкен өнер саласы болуына көп тер төкті. Ғарифолла мектебінен шыққан оның шәкірттері –  Қ.Бекбосынов,Қ.Орашева, Қ.Рахимова, А.Дәрібаева,  Ж.Сәрсенғалиев. Қ Ақтаев. М.Төрешов, Қ.Бердіғалиев, Ә.Еңкебаев, Қ.Құлышева, С.Таутаева, С.Рахметжанов,  С.Әбдірахманов, С.Жанпейісова, С.Мырзабаева, А.Қосанова, Қ.Кәкімовтар.

Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның халық артисі Құрманғалиев Ғарифолла 1909 жылы Қаратөбе ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ерте анасынан ерте айрылған Ғарифолла Құрманғалиев немере ағалары Ғұбайдолла мен Хамидолланың қолында тәрбиеленеді.10 жасынан домбыра тартып ән сала бастайды. Өзі туып-өскен өңірдің мақтанышы Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары Шынтас пен Шайхыға жолығады, ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне Мұхит әндерін насихаттайды.

Құрманғалиев Ғарифолла 1928 жылы ауылдық Кеңестің хатшысы, одан соң бригадир, ұжымшар басқармасының төрағасы болды. 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетіне қатысып, сол жерде Опера және балет театрына қабылданған. Ол Елемес, сақан, Жарас, Шеге, Естай, Нарымбет образдарын шебер сомдады. Ұлттық операның негізін қалаған көрнекті өнер қайраткерлерінің біріне айналды.

 

Тыңдалым. Слуховой анализ «Ғасырлар пернесі» — Жайық өңірінің дәстүрлі ән-күйлері

https://www.youtube.com/watch?v=EiltI0epi4s-

Үй тапсырмасы: Батыс әншілердің өмірбаянын зерттеу,әндерін тыңдау.