Top
a

1-сынып. Сольфеджио Сабақ № 1

Сабақ № 1

Тақырып: Ре мажор тональдігі

Ре мажор тональдігінің ережесі:

  1. Ре мажор – мажор сазына жатады,
  2. Ре мажордың тоникасы – ре,
  3. Ре мажордың кілттік белгілері: фа#, до#,
  4. Ре мажордың тұрақты дыбыстары: ре, фа#, ля,
  5. Ре мажор – си минорға параллель. 

Тұрақты дыбыстары: ре, фа#, ля

Тұрақсыз дыбыстары: ми, соль, си, до#

Ре мажордың гаммасы: ре, ми, фа#, сол, ля, си, до#, ре.

Үйге тапсырма:

  1. Ре мажор тональдігінің ережесін жаттау,
  2. Ре мажор гаммасын әндетіп айту,
  3. Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешу.