Top
a

Топтық сабақтар

Сабақ № 7 Тақырып:  Ри минор тональдігі  Ре минор тональдігінің ережесі: 1.Ре минор – минор сазына жатады. 2.Ре минордың тоникасы – ре. 3.Ре минордың кілттік белгісі – си бемоль. 4.Ре минордың тұрақты дыбыстары: ре, фа, ля тұрақсыз дыбыстары: ми, соль, си бемоль, до. 5.Ре минор – фа мажорға параллель.       Ри минор гаммасының үш түрі бар: табиғи, үйлесімді, әуенді. Ре минордың  табиғи түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до, ре. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до, си бемоль, ля, соль, фа, ми, ре. Ре минордың үйлесімді түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до#, ре. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до бекар, си

1-сынып. Сольфеджио Сабақ № 6 Тақырып: Фа мажор, № 93 жаттығу. Ре мажор тональдігінің ережесін қайталаймыз. Әрі қарай сабағымызды фа мажор тональдігінде гамманы төменнен жоғары қарай, сосын жоғарыдан төмен әндетіп айтамыз. Тұрақты дыбыстарды тұраксыз дыбысқа шешеміз. Дауыс қыздыру жұмыстарын жасап болған соң, көңілімізді № 93 жаттығуға аударамыз. № 93 жаттығуға талдау жұмыстарын жүргіземіз. Кілттік белгісі: си бемоль.Өлшемі: 2/4 Нота ұзақтығы: төрттік және жартылық ноталар.Фа нотасымен басталып, фа нотасымен аяқталып тұр.Жаттығудың тональдігі – фа мажор. Үйге тапсырма: № 93 жаттығуды жаттау.

1-сынып. Сольфеджио Сабақ № 5 Тақырып: Фа мажор тональдігі     Фа мажор тональдігінің ережесі: Фа мажор – мажор сазына жатады.Фа мажордың тоникасы – фа.Фа мажордың кілттік белгісі – си бемоль.Фа мажордың тұрақты дыбыстары: фа, ля, до  тұрақсыз дыбыстары: соль, си бемоль, ре, ми. Фа мажор – ре минорға параллель. Фа мажордың гаммасы: фа, соль, ля, си бемоль, до, ре, ми, фа. Үйге тапсырма: Фа мажор тональдігінің ережесін жаттау.Фа мажор гаммасын әндетіп айту.Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешу.

1-сынып. Сольфеджио Сабақ № 4 Тақырып:Ми минор тональдігі      Ми минор тональдігінің ережесі: Ми минор – минор сазына жатады.Ми минордың тоникасы – ми.Ми минордың кілттік белгісі – фа#.Ми минордың тұрақты дыбыстары: ми, соль, си                           тұрақсыз дыбыстары: фа#, ля, до, ре. 5. Ми минор – соль мажорға параллель. Ми минор гаммасының үш түрі бар: табиғи, үйлесімді, әуенді. Ми минордың  табиғи түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ми, фа#, соль, ля, си, до, ре, ми. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ми, ре, до, си, ля, соль, фа#, ми Ми минордың үйлесімді түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ми, фа#, соль, ля, си, до, ре#, ми. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ми, ре бекар,

Қазақ музыка әдебиеті, 5-сынып Тест тапсырмалар 1.«Описание киргиз-кайсацих орд и степей» атты еңбектің авторы. а) Р.А.Пфенниг. ә) А.Е.Алекторов. б) А.Э.Бимбоэс. в) А.И.Левшин г) А.Эйхггорн 2. «Қазақ халқының 1000 әні» еңбегінің авторы. а) Б.Ерзакович. ә) Е.Брусиловский. б) А.Затаевич. в) Л.Хамиди. г) А.Затаевич. 3.«Песенная культура казахского народа» еңбегінің авторы. а) Б.Ерзакович. ә) Е.Брусиловский. б) А.Затаевич. в) Л.Хамиди. г) А.Затаевич. 4. Қазақ музыка фольклорын кәсіби негізде зерттеушілер. а) А.Жұбанов, Б.Ерзакович. ә) А.Темірбекова, Ә.Мұхамбетова. б) А.Э.Бимбоэс, А.И.Левшин в) Г.М.Гизлер, Р.А.Пфеннинг. г) В.В.Радлов, С.Г.Рыбаков 5. «Абай»  операсын жазған композиторларды тап.       а) Мұқан Төлебаев,Еркеғали Рахмадиев;         ә) Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди;       б) Еркін Ынтықбаев, Н.Тілендиев;           в) Б.Байқадамов, Мұқан Төлебаев.  6. Макам қай халықтардың вокалды аспаптық жанрының үлкен циклын    құрайды?       а) ұйғыр, дүнген;           ә)  өзбек, тәжік;

 № 8 сабақ Тақырып: Қорытынды сабақ 1.Барокко бағытындағы негізгі аспап қандай аспап? 2. Классицизм бағыты қай кезеңдерді қамтиды? 3. И.С.Бах қай жылдары өмір сүрді? 4. Вена классика мектебінің өкілдерін атаңыздар. 5. Ф.Шуберт қай елдің композиторы? 6. Романтизм бағытының өкілдері кімдер? 7. Классицизм бағытының екінші кезеңі қалай аталады? 8. В.Моцартты итальяндықтар қалай атады?

Сабақ № 8 Тақырып:  Тапсырмалар. Симфониялық оркестрді кім басқарады?Ішекті –ысқылы аспаптар тобына қандай аспаптар жатады?Музыкалық шығарманың жылдамдығы қалай аталады?Ең алғашқы нота таңбалары қалай аталды?Көптеген дыбыстардан тұратын толық музыкалық ой қалай аталады?Қазіргі кездегі қолданып жүрген нота сатысы қай ғасырда пайда болды?    Бартоломео Кристофори қандай аспап ойлап тапты?«Петя и волк» симфониялық ертегісі кімдерге арнап жазылды?Музыкалық жанр нешеге бөлінеді?Опера дегеніміз не?Балет өнері дегеніміз не?

4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті Тақырып: Бақылау тест сабағы. Қорытынды. М.И.Глинканың романсын атаңыздар.«Русалка» операсының композиторы кім және қай жылы жазылды?««Могучая кучка» ұйымының мүшелерінің атқарған қызметі не болды?А.П.Бородиннің өмір сүрген жылдарын атаңыздар?А.П.Бородиннің негізгі мамандығы не болды?«Борис Годунов» операсының жанры қандай?Глинкаға дейінгі орыс музыкасының дамуына  үлес қосқан композиторлар кімдер?М.П.Мусоргский қай жылы дүниеге келді?«Шахерезада» симфониялық сюитасының композиторы кім?Симфониялық сюита дегеніміз не?

4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті Тақырып: Орыс музыкасы және орыс композиторларының шығармашылығына қайталау сабағы.                                                                                       Тақырыптарға шолу жасау. Орыстың классикалық музыкасының қалыптасуына кім ықпал етті?Орыс халық әндерін жазу арқылы орыс музыкасының дамуына ұлес қосқан кқомпозиторлар кімдер?Алғашқы ақысыз музыка мектебі қай жылы ашылды?Москва консерваториясын кім басқарды?«Могучая кучка» шығармашылық ұйымының жетекшісі кім болды?«Могучая кучка» ұйымының мүшелері кімдер болды?А.С.Даргомыжскийдің өмір сүрген жылдарын атаңыздар.Орыстың музыкалық қоғамы қай жылы ашылды?Эпикалық опера дегеніміз не? Қай композитордың шығармашылығында халық ерекше орын алады? Н.Римский – Корсаков өз шығармашылығында қандай жанрларға көңіл болды? «Иван Сусанин» операсының композиторы кім?Петербург консерваториясын кім басқарды? Әлем музыка әдебиетінің осы курсында қай елдің музыкасы өтілді?