Top
a

Қазақ музыка әдебиеті, 5 сынып Сабақ №1

Қазақ музыка әдебиеті, 5 сынып  

Сабақ № 1

Тақырыбы: К.Күмісбековтің  өмірі мен шығармашылығы. Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалары

Қазақстанның көрнекті композиторы, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Кенжебек Күмісбеков — Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Құмкөл ауылында дүниеге келген. Кенжебекке киелі өнер ана сүтімен, әке қанымен бойына дарыған. Өйткені, әкесі сол өңірге әншілігімен танымал болған кісі, әкесі домбыраның құлағында ойнайтын шебер орындаушы болған. Кенжебекті алғаш рет өнер ортасына келуіне қазақ мәдениетінің тарихына енген, табиғатынан тума дарын иесі болған өзінің жақын ағайыны, күйші Ілияс Әубәкіров себепкер болған. 1948 жылы Кенжебекке кәсіби музыкалық білім алуға А.Жұбанов пен Л.Хамиди аға буыннан кеңес берген өкілдері болды. 1949 ж. Күмісбеков Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына вокал бөліміне оқуға түседі, бірақ денсаулығына байланысты, жарты жылдан соң дәрігерлер вокалмен айналысуға тыйым салады, халық аспаптары кафедрасының домбыра класына ауысқан. Мұнда ол халық артисі Рүстембек Омаровтың класынан дәріс алды. Оқуын бітірген соң, әр аспаптың өзіне тән ерекшелігі мен техникалық мүмкіндіктерін зерттейді. Алғаш рет әндер мен күйлерді, содан соң орыс және Еуропа классиктерінің шығармаларын «Ах ты душечка» о.х.ә, И.Брамстың №1 «Венгер биін», М.Огинскийдің «Полонезі»,Дж. Вердидің «Травиата» операсынан Жер монның ариясы т.б күрделі туындыларды оркестрге лайықтап, үздік үлгіде өңдейді. Абайдың «Домбыраға қол соқпа», «Қалқам-ай менде үндемей жүремін көп» атты т.б өлеңдеріне, ән-романстар жазады. Композитордың табиғи талантын әрі қарай дамытқан профессор, ұстазы Е.Брусиловскиий еді. Брусиловскийдің класынан консерваторияны екінші рет бітіреді. 1965 жылы үздік бітіріп шығады. Күмісбеков қазақтың музыка мәдениетіне, ұлт аспаптар оркестрінде бұрын — соңды болмаған ұлттық гармониялық үн- саз,ырғақтың жаңа түрін әкелді. «Ықылас туралы аңыз», «Шалқыма», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Ой толқыны», «Еңбек салтанаты», «Қорқыт туралы аңыз» т.б симфониялық поэмалары, «Қан сонарда», «Өмір жолы»,«Аманат», « Сары өзен саздары», «Биші қайың» т.б күйлері бар. Күмісбеков 60- тан аса шәкірт тәрбиеледі. 1997 жылдың шілде айында өмірден өтті. Міне, бүгін сабағымызда композитордың «Биші қайың» концерттік күй-шығармасын ойнап үйренеміз. Жалпы шығарма ұлттық эпикалық музыкаға бағытталып жазылған. Өлшемі ауыспалы 2/4, 3/4; кілт белгісінде тұрақты си b, кездейсоқ белгілер ми b, до #,фа #, си бекар белгілері кездеседі. Сондай-ақ пиццикато, тремоло штрихтарымен, динамикалық белгілерге толы, мінезі тез әрі ұстамды ойналады.

«Биші қайың» — шығармасын концертмейстермен қосылып, үзінді ойналады және үнтаспадан оркестрмен орындалуын тыңдап көрелік.

Тыңдалым: https://www.youtube.com/watch?v=STqFyvJWs3o

Үй тапсырмасы: «Семантикалық картаны» толтыру.