Top
a

1-сынып. Сольфеджио Сабақ №2

Сабақ № 2

Тақырып: Ре мажор, №89 жаттығу.

  1. Ре мажор тональдігінің ережесін есімізге түсіріп бір қайталап аламыз. Әрі қарай сабағымызды ре мажор тональдігінде гамманы төменнен жоғары қарай, сосын жоғарыдан төмен әндетіп айтамыз. Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешеміз. Дауыс қыздыру жұмыстарын жасап болған соң, көңілімізді № 89 жаттығуға аударамыз.
  2. № 89 жаттығуға талдау жұмыстарын жүргіземіз.
  3. Кілттік белгілері: фа#,до#
  4. Өлшемі: 2/4
  5. Нота ұзақтығы: сегіздік , төрттік  және жартылық ноталар
  6. Ля нотасымен басталып, ре нотасымен аяқталып тұр
  7. Жаттығудың тональдігі – ре мажор.  

Үйге тапсырма: № 89 жаттығуды жаттау.