Top
a

2-сынып. Әлем музыка әдебиеті Сабақ № 1

2-сынып. Әлем музыка әдебиеті

Сабақ № 1

Тақырып: Музыкалық жанр. Ән жанры.

      Ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан фольклорлық  музыка саласының бір тармағын құрайды.

     Фольклор деген сөз көне ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады.

Фольклор 3 тармаққа бөлінеді:

  1. Әдеби фольклор;
  2. Музыкалық фольклор;                                                                                                         
  3. Синтез фольклор;

Әдеби фольклорға :

  • Аңыз- әңгімелер
  • Жаңылтпаштар
  • Ертегілер
  • Мақал-мәтелдер
  • Батырлар туралы жырлар және т.б. жатады.

Музыкалық фольклорға:

  •  Вокалдық музыка;
  • Аспаптық музыка;
  • Вокалды-аспаптық музыка;

Синтез фолклорға әдеби фольклор мен музыкалық фольклордың қосындысы және театр өнері жатады.

Музыкалық фольклордың бір саласы ән – халықтың ежелден сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады.

Ән – ол вокалдық музыканың ең қарапайым түрі.

Ән жанры басқа жанрлардан ерекшеленеді:

  • Әннің мәтіні болады
  • Ән куплеттік формада жазылады
  • Ән аспаппен не оркестрмен сүйемелденеді және мүлдем сүйемелденбей айтылады (a capello)
  • Ән жеке немесе хормен орындалады
  • Әннің мазмұны әртүрлі болады

Ән жанры 2 топқа бөлінеді: халық әні және авторлық әндер. Халық әніне авторы белгісіз әндер жатады, яғни ғасырдан-ғасырға жеткен көне әндер авторы белгісіз болғандықтан халық әндері болып жазылып келген. Ал авторлық әндерге композиторы белгілі әндер жатады. Халық әндері бірнеше топқа бөлінеді: тарихи әндер, тұрмыс-салт әндері, лирикалық әндер, хороводпен айтылатын әндер, эпикалық әндер. Бүгінгі сабақта тыңдайтын әніміз орыстың халық әні: «Во поле береза стояла» әні.

Үй тапсырмасы:

  • Орыстың халық әні “Во поле береза стояла” әнін әндету.
  • Тақырыпты оқу.