Top
a

Топтық сабақтар

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 4 сабақ Тақырып: Опера өнері   Опера дегеніміз- музыкалық спектакль. Онда кейіпкерлер сөйлемейді, оркестр сүйемелдеуімен әндетеді. Операда мәтін болады, оны либретто деп атайды. Опера увертюрадан басталады. Увертюра опера мазмұнын айқындайды. Увертюраны тек оркестр ғана орындайды. Операда ән басты роль атқарады. Операда жеке айтылатын әндерді – ария, ариозо, каватина, монолог, баллада деп атайды. Речитатив  - операда тақпақ сазды айтылатын  қысқа әуен.  Ансамбльдер - дуэт, трио, квартет, квинтет, хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер опералық музыканың түрлеріне жатады.  Кейіпкер ария айтқан уақытта оның бейнесі орындалған  музыка арқылы бейнеленеді. Опера өнердің бірнеше түрін қамтиды, сондықтан оны синтездік өнерге жатқызады. (бейнелеу өнері, би, театр,

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 3 сабақ Тақырып: Бақылау сабағы 1. Музыкалық жанр дегеніміз не? а) шығармалар топтамасы ә) шығармалар жиынтығы б) шығармалар жиынтығы 2. Жанр неше түрге бөлінеді? а) 2; ә) 3; б) 4; 3. Фольклордың қай түрі? а) аспаптық; ә) вокалдық; б) аспапты вокалдық; 4. Неліктен халық әні деп аталады? а) авторы ұмытылып кеткен әндер; ә) авторы белгіліболғандықтан; б) халық айтатын әндер болғандықтан; 5.Марш дегеніміз не? а) халық әні; ә) халық әні; б) жанрдың бір түрі; 6. Гопак биін белгілеңіз А) Ә) Б) а)  ә)  б) 7. Би дегеніміз не? а) жанрдың бір түрі; ә) вокалдық музыка; б) аспаптық музыка; 8. Полька биінің отаны  - а) Польша; ә) Сицилия; б) Украина;  Тест қорытындысы: Өте дұрыс жауап 10 балл;Дұрыс жауап - 5 балл;Нашар жауап – 0 баллмен бағаланады.                                                                   

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 2 сабақ Тақырып: Музыкалық жанр. Ән жанры.     Халық әні — ауыздан ауызға таралған, халық жадында сақталған орыс ауыз әдебиетіндегі фольклорлық  музыка.  Орыс халық әнінің жанрлары халықтың өмірін, оның менталитетін және рухани мәнін айна ретінде бейнелейді. Туғаннан бастап өлімге дейінгі қарапайым адамның бүкіл өмірі халық әндерінде көрініс тапты. Орыс халық әндерінің маңызды ерекшелігі —халықтың қарапайым өмірі мен еңбегімен байланысты. Мысалы, тұрмыс-салт әндері,  еңбекке қатысты  әндер,  тарихи әндер және лирикалық әндер.                                                                                                                                                       Тұрмыс-салт әндеріне жыл мезгілдерін суреттейтін «Масленица», «Коляда», «Веснянка» әндері. «Масленица» - қысты шығарып салып, көктемді шақыру мерекесі. Масленица  апта бойы тойланады. Мереке кезінде үйлерінде құймақ (блины) пісіреді. Аптаның әр күніне арналған

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 1 сабақ Тақырып: Музыкалық жанр. Ән жанры.     Ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан фольклорлық  музыка саласының бір тармағын құрайды.      Фольклор деген сөз көне ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Фольклор 3 тармаққа бөлінеді: Әдеби фольклор;Музыкалық фольклор;                                                                                                          Синтез фольклор; Әдеби фольклорға : Аңыз- әңгімелерЖаңылтпаштарЕртегілерМақал-мәтелдерБатырлар туралы жырлар және т.б. жатады. Музыкалық фольклорға:  Вокалдық музыка;Аспаптық музыка;Вокалды-аспаптық музыка; Синтез фолклорға әдеби фольклор мен музыкалық фольклордың қосындысы және театр өнері жатады. Музыкалық фольклордың бір саласы ән – халықтың ежелден сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық

4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті № 3 сабақ Тақырып: Н.А.Римский-Корсаков «Снегурочка» (Ақшақар) операсы                                                                                         Бүгін А. Н. Островскийдің пьесасының желісімен жазылған орыс халқының композиторы Н. А. Римского-Корсаковтың «Снегурочка»  операсының либреттосымен танысамыз.        Ерте ерте ертеде шал мен кемпір болыпты. Екеуі тату тәтті өмір сүрген екен. Бәрі жақсы сиақты, бір қайғылары перзент сүймепті. Міне, ақ қылышын сүйретіп қыс та келді. Кішкентай балалар жүгіріп ойнап, аққала жасап, қуанып жүр. Ал шал мен кемпір болса терезеден қараса  өздерінің қайғысы естеріне түседі

№ 2 сабақ Тақырып: Н.А.Римский-Корсаков опералық шығармашылығы.                                                                                          Римский – Корсаковтың операларының мазмұны мен көркемдік кейпі, формасы мен музыкалық драматургиясы әртүрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық, лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді операларымен бірге кішігірім бірактілік операларды да  жазды. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған. Композитордың опералық шығармашылығында ертегілік – эпикалық жанрда жазылған опералары ерекше  орынды иеленеді. Римский-Корсаковтың ертегілік операларында орыс халқының өмірі, оның тұрмысы, наным-сенімдері, ұғымдары, әдет-ғұрыптары шынайы бейнеленген. Өзгеше, әдеттегі корсаковтық кейіпкерлер көркемдік дарынды тұлғалар, халық ақындары мен музыкантары  болып табылады. Бұндай түрлі кейіпкерлерді жасау үшін Римский-Корасков халық шығармашылығына, халық әндері мен ертегілеріне сүйенген. Римский

4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті  № 1 сабақ Тақырып: Н.А.Римский-Корсаков. Өміржолы, шығармашылығы.           Николай Андреевич Римский-Корсаков - 1Ресейдің  композиторы, дирижер. 844 жылы Новгород губерниясының  Тихвин қаласында дүниеге келді. Композитордың болашағына оның үлкен ағасы, теңіз офицері, болашақ контрадмирал Воин Андреевич қатты әсер етті. 6 жасында ол үйде білім алып, фортепианода ойнай бастады, бірақ музыка балаға кітаптарға қарағанда әлдеқайда үлкен әсер етті. Оған әсіресе  шіркеу әндері қатты ұнайтын. Сонымен қатар орыстың ұлттық әндеріне қызығушылығы артты.    11 жасында ол өзінің алғашқы музыкалық шығармаларын жаза бастады. 1856 - 62 жылдар аралығында  теңізшілер кадет корпусында оқыған. 1858 ж. пианист Ф.А. Канилледен дәріс алған. Римский -Корсаков М.Балакиревтің “Могучая кучка” шығармашылық

5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті Тақырып: Қорытынды сабақ Төменде көрсетілген композиторлардың қайсысы Америкада тұрды және қайтыс болды? А) Чайковский Б) Рахманинов В) Скрябин Г) Глинка«Прометей» және «Поэма экстаза» симфониялық шығармалараының авторы кім? А) Рахманинов Б) Скрябин В) Стравинский Г) ТанеевА.Скрябин және С.Рахманинов – кімнен сабақ алды? А) Глазунов Б) Чайковский В) Глинка Г) Танеев1882-1971 жылдар қай композитор өмір сүрді?

4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті Тақырып: Бақылау тест сабағы. Қорытынды. М.И.Глинканың романсын атаңыздар.«Русалка» операсының композиторы кім және қай жылы жазылды?««Могучая кучка» ұйымының мүшелерінің атқарған қызметі не болды?А.П.Бородиннің өмір сүрген жылдарын атаңыздар?А.П.Бородиннің негізгі мамандығы не болды?«Борис Годунов» операсының жанры қандай?Глинкаға дейінгі орыс музыкасының дамуына  үлес қосқан композиторлар кімдер?М.П.Мусоргский қай жылы дүниеге келді?«Шахерезада» симфониялық сюитасының композиторы кім?Симфониялық сюита дегеніміз не?

4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті Тақырып: Орыс музыкасы және орыс композиторларының шығармашылығына қайталау сабағы.                                                                                       Тақырыптарға шолу жасау. Орыстың классикалық музыкасының қалыптасуына кім ықпал етті?Орыс халық әндерін жазу арқылы орыс музыкасының дамуына ұлес қосқан композиторлар кімдер?Алғашқы ақысыз музыка мектебі қай жылы ашылды?Москва консерваториясын кім басқарды?«Могучая кучка» шығармашылық ұйымының жетекшісі кім болды?«Могучая кучка» ұйымының мүшелері кімдер болды?А.С.Даргомыжскийдің өмір сүрген жылдарын атаңыздар.Орыстың музыкалық қоғамы қай жылы ашылды?Эпикалық опера дегеніміз не? Қай композитордың шығармашылығында халық ерекше орын алады? Н.Римский – Корсаков өз шығармашылығында қандай жанрларға көңіл болды? «Иван Сусанин» операсының композиторы кім?Петербург консерваториясын кім басқарды? Әлем музыка әдебиетінің осы курсында қай елдің музыкасы өтілді?