Top
a

4-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті № 2 сабақ

№ 2 сабақ

Тақырып: Н.А.Римский-Корсаков опералық шығармашылығы.                                                                                         

Римский – Корсаковтың операларының мазмұны мен көркемдік кейпі, формасы мен музыкалық драматургиясы әртүрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық, лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді операларымен бірге кішігірім бірактілік операларды да  жазды. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Композитордың опералық шығармашылығында ертегілік – эпикалық жанрда жазылған опералары ерекше  орынды иеленеді. Римский-Корсаковтың ертегілік операларында орыс халқының өмірі, оның тұрмысы, наным-сенімдері, ұғымдары, әдет-ғұрыптары шынайы бейнеленген. Өзгеше, әдеттегі корсаковтық кейіпкерлер көркемдік дарынды тұлғалар, халық ақындары мен музыкантары  болып табылады. Бұндай түрлі кейіпкерлерді жасау үшін Римский-Корасков халық шығармашылығына, халық әндері мен ертегілеріне сүйенген. Римский – Корсаковтың ертегілік – эпикалық опералары көркемдік мазмұнның байлығымен және сан қырлылығымен ерекшеленеді. Лирикалық, тұрмыстық, қияли бастаулар олардың (опералардың) ішінде күрделі және таң қаларлық табиғи түрде бір тұтас бүтінді құрайды. Композитордың опералық стилінің ерекшелігі — музыкалық формалардың кеңдігі мен ән номерлерінің көп болуы, халық жанрларына жақын болуы. Соңғысы композитордың операларында халықтың өзін суреттегенде хорды кеңінен қолданған.  Композитордың операларындағы оркестр ролі ерекше. Римский – Корсаков шығармаларында сахна бойынша құру принципі басым болады, олар азды-көпті аяқталған номерлар мен эпизодтарды қамтиды. Римский – Корсаковтың опералары әлем опералық әдебиетінде үлкен және маңызды орынға ие.Композитордың ертегі- операларына : «Садко», «Сказ о царе Салтане», «Петушок», «Снегурочка» опералары жатады.

Үй тапсырмасы: Композитордың опералық шығармашылығын                                                                                    оқу.