Top
a

4-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті № 3 сабақ

4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті

№ 3 сабақ

Тақырып: Н.А.Римский-Корсаков «Снегурочка» (Ақшақар) операсы                                                                                 

       Бүгін А. Н. Островскийдің пьесасының желісімен жазылған орыс халқының композиторы Н. А. Римского-Корсаковтың «Снегурочка»  операсының либреттосымен танысамыз.  

     Ерте ерте ертеде шал мен кемпір болыпты. Екеуі тату тәтті өмір сүрген екен. Бәрі жақсы сиақты, бір қайғылары перзент сүймепті.
Міне, ақ қылышын сүйретіп қыс та келді. Кішкентай балалар жүгіріп ойнап, аққала жасап, қуанып жүр. Ал шал мен кемпір болса терезеден қараса  өздерінің қайғысы естеріне түседі….
— Кемпір жүр екеуіміз өзімізге қардан бала жасап алайық, – дейді шал..

— Жасасақ жасап алайық, – дейді кемпір.. Басына баскиімін кие салып шал мен кемпір далаға шығып, қардан аққала жасауға кірісіп кетті. Шал басын жасап, мұрнын, көзін жасады  Сөйтіп олар қыздан айнымайтын ақшақар жасап шықты. Екеуі тамсанып  тұрғанда оның еріндері қызарып, көздері ашыла бастады. Қарияларға қарап күлімсіреп тұр. Сосын басын шұлғып, қолдарын қимылдатты. Аяқ қолдарымен қарды үстінен қағып тастап аққаланың ішінен тірі қыз шыға келді… Шал мен кемпір қызды үйлеріне әкеліп, тамсанып көздерін алмастан қарап отырды. Күн санап  шал мен кемпірдің қыздары өсіп жатты. Күн өткен сайын ажары кіріп, аппақ қардай, шашы беліне түсіп ақшақар қыз өсе берді. .Шал мен кемпір қыздарына жаны қалмайтын. Қыздары ақылды,көңілді болатын. Барлық адамдарға кішіпейіл.Үйдің тіршілігін де жылдам орындап тастайтын. Қыс өтті. Күн жылына бастады. Шөптер қөгеріп, құстар сайрап, жылғалардан су аға бастады. Ақшақар кенеттен қайғыра бастады.
— Саған  не болды қызым, неге қайғылысың? – деп сұрады қариялар..

«Бәрі   жақсы», – деп жай ғана жауап берді қыздары…

Сөйтіп Ақшақар күннен күнге қапалана түсті, суық жер іздеп, күннің көзінен тығылып, жаңбыр жауса қуанып қалатын. Көктем өтіп жаз келді. Құрбылары орманға қыдыруға шақырады. Жүр, Ақшақар бізбен бірге, орманға барамыз, ән айтайық, би билейік,- дейді.. Ақшақар қыздармен барғысы келмейді. Бірақ апасы барып кел деп жібереді. Қыздар орманнан гүл теріп, ән айтып көңілдерін көтеріп жүреді. Сонда да Ақшақар бұрынғыдай көңілсіз болып жүреді. Қас қарайған сәтте қыздар ағаш жинап от жағады, қатар-қатар тізіліп алып оттан секіріп ойнап жүреді. Ақшақар да өз кезегі келгенде оттан секіре бергенде еріп, бұлтқа айналып кетеді. Қыздар «Ауууу, Ақшақар» деп айқайлайды.. Оларға тек жаңғырық қана жауап береді..

        Сонымен балалар біз бүгінА. Н. Островскийдің пьесасының желісімен жазылған орыс халқының композиторы Н. А. Римский-Корсаковтың  «Ақшақар» операсының либреттосымен таныстық.

Үйге тапсырма. Опера либреттосын оқу.