Top
a

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті № 4 сабақ

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті  

№ 4 сабақ

Тақырып: Опера өнері

  Опера дегеніміз- музыкалық спектакль. Онда кейіпкерлер сөйлемейді, оркестр сүйемелдеуімен әндетеді. Операда мәтін болады, оны либретто деп атайды. Опера увертюрадан басталады. Увертюра опера мазмұнын айқындайды. Увертюраны тек оркестр ғана орындайды. Операда ән басты роль атқарады. Операда жеке айтылатын әндерді – ария, ариозо, каватина, монолог, баллада деп атайды. Речитатив  — операда тақпақ сазды айтылатын  қысқа әуен.  Ансамбльдер — дуэттриоквартетквинтет, хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер опералық музыканың түрлеріне жатады.  Кейіпкер ария айтқан уақытта оның бейнесі орындалған  музыка арқылы бейнеленеді. Опера өнердің бірнеше түрін қамтиды, сондықтан оны синтездік өнерге жатқызады. (бейнелеу өнері, би, театр, ән, музыка)  Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалық-қаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық және сатиралық опералар. Сондай-ақ, Италияда опера-сериа мен опера-буффа, Францияда комедиялық және лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді. Опера жеке жанр болып 16-17 ғасырлар аралығында қалыптасты. 

Үй тапсырмасы: Опера өнері туралы оқу;