Top
a

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті № 2 сабақ

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті  

№ 2 сабақ

Тақырып: Музыкалық жанр. Ән жанры.

    Халық әні — ауыздан ауызға таралған, халық жадында сақталған орыс ауыз әдебиетіндегі фольклорлық  музыка.  Орыс халық әнінің жанрлары халықтың өмірін, оның менталитетін және рухани мәнін айна ретінде бейнелейді. Туғаннан бастап өлімге дейінгі қарапайым адамның бүкіл өмірі халық әндерінде көрініс тапты. Орыс халық әндерінің маңызды ерекшелігі —халықтың қарапайым өмірі мен еңбегімен байланысты. Мысалы, тұрмыс-салт әндері,  еңбекке қатысты  әндер,  тарихи әндер және лирикалық әндер.                                                                                                                                                       Тұрмыс-салт әндеріне жыл мезгілдерін суреттейтін «Масленица», «Коляда», «Веснянка» әндері.

«Масленица» — қысты шығарып салып, көктемді шақыру мерекесі. Масленица  апта бойы тойланады. Мереке кезінде үйлерінде құймақ (блины) пісіреді. Аптаның әр күніне арналған дәстүрлері бар. Мерекенің соңғы күні Чучелоны жағып, қыспен қоштасады. Бір-бірінен кешірім сұрап, чучело шоғын келесі жылы молшылық болсын деген сеніммен егіндікке төгеді.             «Коляда» — Рождество қарсаңындағы мереке. Негізгі дәстүрлері болып:

  1. әртүрлі жануарлар терісін жамылып, үй-үйлерді аралап әндету;
  2. әншілерге әртүрлі тәтті, ақша, киімдер беру арқылы  алғысын білдіру;
  3. жастардың ойын-сауығы;
  4. тұрмыс құрмаған қыздардың бал ашу жатады.

     «Веснянка» әні — көктемнің келуіне арнап айтылатын ән, бірақ көктемді шақыру ретінде көбіне айқайлап айтқан.

 Орыстың үйлену тойы бірнеше сатыдан және әртүрлі салт-дәстүрден құралады. Әр салт әнмен көркемделіп отырған: құда түсу, қол алысу, келісу, қызды көру, қыздың үйіндегі соңғы кеші (девичник) және үйлену тойы.  Той кезінде айтылатын әндердің мазмұны қыздың тағдыры мен болашағы жайлы мазмұндайды.

      Орыс халық әндерінің бірі – ғасырлар бойына халқының тарихын бойына сақтап келген әндер, оларды тарихи әндер деп атайды. Тарихи әндер халық өмірінде болған оқиғаны баяндайды. Мысалы , татар-монғол шапқыншылығы, халық көтерілістері және осы тарихи оқиғалардағы  батырлар туралы айтылады.  Тарихи әндер 9 ғасырдан бастау алады. Ол әндерді эпикалық әндер деп атаймыз.   

    Орыс халқының  еңбек әнінің үлгісі — «Дубинушка»  әні.  Орыс фольклор әндерінің барлық жанрлары арасында еңбек әндері ең көне болып табылады, ол әндер халыққа еңбек процесін жеңілдету үшін қызмет  етті.

         Халық әндерін композиторлар өз шығармаларына негіз етіп кеңінен қолданды. Оған дәлел М.И. Глинканың «Музыканы халық шығарады, ал біз тек лайықтаймыз, әрлейміз» — деген сөзі. Орыс композиторларының   шығармаларынан халық әуенін, би  ырғағын естуге болады. 18 ғ. бастап Ресейдің түкпір-түкпірінен орыс композиторлары халық әуендерін жинақтап, баспа беттеріне шығара бастады.

Үй тапсырмасы: Халық әндері тақырыбын оқу.

«Дубинушка» әнін әндету;