1-сынып. Сольфеджио Сабақ № 7
Сабақ № 7
Тақырып: Ри минор тональдігі
Ре минор тональдігінің ережесі:
1.Ре минор – минор сазына жатады.
2.Ре минордың тоникасы – ре.
3.Ре минордың кілттік белгісі – си бемоль.
4.Ре минордың тұрақты дыбыстары: ре, фа, ля
тұрақсыз дыбыстары: ми, соль, си бемоль, до.
5.Ре минор – фа мажорға параллель.
Ри минор гаммасының үш түрі бар: табиғи, үйлесімді, әуенді.
Ре минордың табиғи түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до, ре.
Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до, си бемоль, ля, соль, фа, ми, ре.
Ре минордың үйлесімді түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до#, ре.
Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до бекар, си бемоль, ля, соль, фа, ми, ре.
Ми минордың әуендітүрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бекар, до#, ре.
Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до бекар, си бемоль, ля, соль, фа, ми, ре.
Үйге тапсырма:
- Ре минор тональдігінің ережесін жаттау.
- Ре минор гаммасын әндетіп айту. (үш түрі)
- Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешу.