Top
a

1-сынып. Сольфеджио Сабақ №4

1-сынып. Сольфеджио

Сабақ № 4

Тақырып:Ми минор тональдігі

     Ми минор тональдігінің ережесі:

  1. Ми минор – минор сазына жатады.
  2. Ми минордың тоникасы – ми.
  3. Ми минордың кілттік белгісі – фа#.
  4. Ми минордың тұрақты дыбыстары: ми, соль, си

                          тұрақсыз дыбыстары: фа#, ля, до, ре.

5. Ми минор – соль мажорға параллель.

Ми минор гаммасының үш түрі бар: табиғи, үйлесімді, әуенді.

Ми минордың  табиғи түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ми, фа#, соль, ля, си, до, ре, ми.

Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ми, ре, до, си, ля, соль, фа#, ми

Ми минордың үйлесімді түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ми, фа#, соль, ля, си, до, ре#, ми.

Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ми, ре бекар, до, си, ля, соль, фа#, ми.

Ми минордың әуенді түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ми, фа#, соль, ля, си, до#, ре#, ми.

 Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ми, ре бекар, до бекар, си, ля, соль, фа#, ми.

Үйге тапсырма:

  1. Ми минор тональдігінің ережесін жаттау.
  2. Ми минор гаммасын әндетіп айту. (үш түрі)
  3. Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешу.