Top
a

Қазақ музыка әдебиеті, 5-сынып

Қазақ музыка әдебиеті, 5-сынып

Тест тапсырмалар

1.«Описание киргиз-кайсацих орд и степей» атты еңбектің авторы.

а) Р.А.Пфенниг.

ә) А.Е.Алекторов.

б) А.Э.Бимбоэс.

в) А.И.Левшин

г) А.Эйхггорн

2. «Қазақ халқының 1000 әні» еңбегінің авторы.

а) Б.Ерзакович.

ә) Е.Брусиловский.

б) А.Затаевич.

в) Л.Хамиди.

г) А.Затаевич.

3.«Песенная культура казахского народа» еңбегінің авторы.

а) Б.Ерзакович.

ә) Е.Брусиловский.

б) А.Затаевич.

в) Л.Хамиди.

г) А.Затаевич.

4. Қазақ музыка фольклорын кәсіби негізде зерттеушілер.

а) А.Жұбанов, Б.Ерзакович.

ә) А.Темірбекова, Ә.Мұхамбетова.

б) А.Э.Бимбоэс, А.И.Левшин

в) Г.М.Гизлер, Р.А.Пфеннинг.

г) В.В.Радлов, С.Г.Рыбаков

5. «Абай»  операсын жазған композиторларды тап.

      а) Мұқан Төлебаев,Еркеғали Рахмадиев;  

      ә) Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди;

      б) Еркін Ынтықбаев, Н.Тілендиев;    

      в) Б.Байқадамов, Мұқан Төлебаев.

 6. Макам қай халықтардың вокалды аспаптық жанрының үлкен циклын    құрайды?

      а) ұйғыр, дүнген;    

      ә)  өзбек, тәжік;  

      б) әзірбайжан, қырғыз;    

      в) кәріс, ұйғыр.

7. Н.Тілендиевтің  «Өз елім» әнін орындайтын белгілі эстрадалық ұжым.

      а)  «МузАрт»;    

      ә) «Тарлан»;  

      б) «Жігіттер»;

      в) «Заман».

 8. Орындаушылық мүмкіндікті дамытуға арналған шығарма

      а) прелюдия;  

      ә) рондо;    

      б) поэма;  

      в) этюд.

 9.Қазақстанда алғаш хор ұжымын ұйымдастырған  композитор

       А) Б.Байқадамов;  

       ә) Қ.Мусин;         

       б) М.Төлебаев;  

       в) И.Нүсіпбаев.

 10. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди бірігіп жазған опера қалай аталады?

     а) «Қыз Жібек»;        

     ә) «Абай»;      

     б) «Махамбет»;    

     в) «Назугум»

11. ХVI – ХVII ғасырлардың ұлы күйшісі

 а) Боғда;

 ә) Байжігіт;

 б) Кетбұға;

12.Есжан, Абыл, Еспай күйшілердің шығармашылығын жалғастырушы кім?

 а) Боғда;

ә) Байжігіт;

б) Кетбұға;

13. Төкпе шертпе тәсілімен ойналатын аспап

а) шертер;

ә) жетіген;

б) домбыра;

14. Домбыра мен қобызға ұқсайтын көне аспап

а) жетіген;

ә) шертер;

б) шаңқобыз;

15. Көп ішекті музыкалық аспап

а) жетіген;

ә) шертер;

б) шаңқобыз;

16. Ортасында сүйір тілмесі болатын көне аспап түрі қандай?

а) жетіген;

ә) шертер;

б) шаңқобыз;

17. Бақташылардың ең сүйікті үрлемелі аспабы қалай аталады?

а) сыбызғы;

ә) сазсырнай;

б) ұран;

18. Домбыраның құлақ күйін келтіретін дыбыстар

а) «до-фа»

ә) «ми-ля»

б) «ре-соль»

19. Қырғыздың қомыз музыкалық аспабы,қандай қазақ аспабына ұқсас?

а) домбыра;

ә) қобыз;

б) шертер;

20.Кавказ халықтарының арасында көп дауысты әндерді орындайтын халық

а) армян;

ә) грузин;

б) әзірбайджан;

21.Латынша «қатаң» деген ұғым мағынасы қандай?

а) минор;

ә) мажор;

б) тоника;