Top
a

Театр бөлімі

Тақырыбы: Комплексті дауыс жаттығулары Мақсаттылық жаттығулар артикуляциялық аппаратты керек дыбыстарды дұрыс айтуына дайындауына көмектеседі. Бұл жаттығулар, дыбыстың дұрыс артикуляциясынан таңдалып алынған, сондықтан оларды комплекстерге бірлестіру қажет. Әрбір комплекс еріннін, тілдің белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап, бағытталған ауа үрлеуін шығаруды дағдыландырады, яғни, дыбыстың дұрыс шығаруына керектісін дайындайды. Артикуляциялық гимнастикасы еріннің және тілдің негізгі, барлық дыбыстардың анық, дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарынан және қалыптарынан басталуы керек. Тапсырма: Ерінді күлімсіретіп ұстау, алдыңғы, жоғарғы және астыңғы тістер көрініп тұрады. Ерінд іалға қарай созу («Керней») Еріннін қалыптарын кезектестіру: ерінді күлімсірету-керней Ауызды жайбырақат ашып-жұму, ерін күлімсіреп тұрады Тілді жалпыйтып ұстау Тілді жіңішкертіп ұстау Тілдің қалыптарын кезектеп жасау: жалпақ-жіңішке Тілді жоғарғы тістердің артына көтеріп ұстау Тілді кезекпен: жоғарыға көтеріп-астына түсіру Тілдің мынадай қалыптарын кезектеу (тілдің

Тақырыбы: Аралас диафрагмалық немесе толық тыныстау          Жалпы дем алудың баршаға белгілі 3 түрі бар. Олар:  кеудемен дем алу, ішпен дем алу, аралас-диафрагмалық , яғни толық дем алу.  Айтар болсақ, алғашқы  айтылған дем алудың екі түрі сөйлеу сазын дамытуға тиімсіз әдіс.  Бұл арада үшінші әдіс- аралас-диафрагмалық  яғни, толық  тыныс алу  жайында даралап айтудың артықшылығы мол. Бұндай демалыста кеуде  бұлшықеттері мен іш қатпары бір мезгілде жұмыс жасайды.  Толық дем алған тұста- кеуде көкіректей кеңіп, дыбыс жолдары ашыла түседі. Сөйлеу сазын дұрыс жолға қоюдың ең тиімді тыныс үлгісі міне, осы.  Ол үшін мынадай машықтау жұмыстарын жүргізу керек. Фонациялық  дем алумен шұғылданбас бұрын

Тақырыбы:    Кедергілерді  қатыстыра отырып, этюд жасау Кедергілер-  қарапайым өмірде жиі кездесетін құбылыс. Кедергілерсіз өміріміз де, мақсатқа жету жолымыз да өте қызықсыз болар еді. Жалпы кедергі дегеніміз- мақсатқа жету жолындағы  жағдайлардан өту процесі.  Мысалы, сізге шұғыл  қоңырау шалды, қолыңыз су, сенсорға басылмай жатыр, сіз тұтқаны  ала алмай тұрсыз.  Бұндағы сулы қолыңыз- бұл  кедергі.  Немесе,  алдыңызда қарбыз тұр, енді жей бергенде маса ызыңдап пайда болды. Осы орайда маса- кедергі, тсс

Тақырыбы:    3-5 жастағы балалар этюды Балалар – қуыршақтар, аюлар, пойыздардың ойыншық екенін түсінеді, бірақ олармен ойнай бастағанда, бұл ойыншықтар назар мен сүйіспеншілікті қажет ететін тіршілік иесіне айналады. Мысалы: Сіздің жасыңыз үште.  Сүйікті машинаңызбен ойнап отырсыз, кенет,  ол диванның астына сырғып кетеді. Оны алып шығуға қолыңыз жетпейді, немесе, 5 жасар баласыз- үйде доп лақтырып ойнап отырып , байқаусызда анаңыздың сүйікті гүлін сындырып алдыңыз

Тақырыбы:    Этюдтағы мақсат әрекетті анықтау Сонымен этюд дегеніміз - басы, ортасы, аяғы мен шешімі бар  кішігірім көрініс. Этюдта  басталуы,жалғасуы және қорытындысы болады. Әдетте, этюдттар 3-5 минутқа созылады, одан артық болмайды.  Әр этюдтың мақсат әрекетін белгілеп алуымыз керек, мен не істеп жүрмін, неге, кім үшін?  деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Этюд барысында актер шеберлігінің 5 элементін ойнатуымыз керек: көру, есту,сезу, бағалау, қортындылау. Мысалы:  «мысық» тамақ бар табаққа келіп, дәмді нәрсені  көреді, дәмін татып, риза болды.  Әрі қарай мақсат әрекет қалай өзгеруі мүмкін? Міне, үй тапсырмасына ойластырып жазыңыз. Тапсырма: Осы этюдтың мақсат әрекетін ойлап текст түрінде жазып,ойластыру .

Тақырыбы: Оқушының сахнадағы еркіндігін ашатын тренинг жаттығулар Сахналық еркіндік-  біріншіден, ойнап жатқан жағдайға  сенімнен басталады.  Яғни, сіздер сахнада жасап жатқан әрекетке  сенулеріңіз керек. Міне сонда ғана актерлік ойын  еркін, шынайы болып шығады, сонда ғана өзіңнің әрекетің мен қимылыңның, айтқан сөздерің мен интонацияңның шынайы болуына қол жеткізе аласыз. Қажеттілігіне сену деген нені білдіреді? Бұл деген ешқандай да басқа әрекет, қимыл сөздер, қозғалыстар қажет емес, тек осы өзі орындап жатқан іс-әрекеті, айтқан сөздері ғана қажет екенін ұғыну.    Егер де сен сәл-пәл ғана болса да өзіңнің сахналық мінез-құлқыңның дұрыстығына күмән келтірсең, сол сәтте сен өзіңнің сахналық еркіндігіңнен айрыласың, сенің ойының сенімділігін жоғалтады және көрермен ол сахналық ойынның

Тақырыбы: «Өзбек», «Қырғыз»театрлары Өзбек театры 1929 жылы әр түрлі труппалар негізінде Самарқанда алғашқы Өзбек драма театры құрылды. Қазіргі кезде Өзбекстанда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары  жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған. 1924 жылы Бухкино серіктестігі құрылып, 1925 жылы «Өзбек мемлкино» тресі мен «Шарқ юлдузи» кинофабрикасы ашылды. 1937 жылы «Акт» атты тұңғыш дыбысты фильм түсірілді. Қырғыз драма театры ( Мемлекет  Еңбек Қызыл Ту орденді академиялық драма театры)-Қырғыз КСР –інің жетекші драма театры 1941 жылы Фрунзеде құрылды.Театрдың алғашқы постановкалары ГИТИС –ті бітірушілердің дипломдық спектакльдері (Шекеспирдің «Король Лирі»,А.Островскийдің «Жарлылық ұят емесі») болды1957 жылы театр

Тақырыбы: «Ресей» театры Театрдың алғаш құрылуы 18 ғасырдағы Ресей ұлттық мәдениетінің гүлденуімен, кәсіби актерлер өнерімен және орыс опера музыкасының қалыптасуымен байланысты болды. 1776 ж. Мәскеудің губ. прокуроры князь П.В. Урусов пен антрепренер М.Г. Медокс Мәскеу ресейлік театрының тұрақты труппасын құрды. Сол жылдан бастап спектакльдер Знаменкадағы граф Р.И. Воронцовтың үйінде қойыла бастады.1780 ж. театр Петровка көшесінде (қазіргі Үлкен театрдың орнында) салынған ғимаратқа көшіп, “Петров театры” немесе “Опера үйі” деп аталды да, мұның өзі Мәскеу қаласындағы түңғыш тұрақты театр болды. Театрдың алғашқы актерлері: И.И. және Н.Ф. Калиграф, Г.В. Базилевич, М.С. Синявская, И.М. Соколовская, А.Г. Ожогин, Е.С. Сандунова, т.б. Театр репертуарынан орыс (В.А. Пашкевич,

Тақырыбы: Ұйғыр театры Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры - 1934 жылы 24 қыркүйек күні ашылды. Ұйғыр театры әлемде теңдесі жоқ жалғыз кәсіби ұйғыр театры болып табылды. Театр құрамында биік дәрежедегі мамандар жұмыс атқарып, қазіргі кезеңде 70 жылдық тарихын абыроймен жалғастыруда. Театр саңылақтары өнерін елміздің көрермендері ғана емес, сонымен бірге Мысыр, Португалия, Үнді, Пәкістан, Туркия, Венгрия, Қытай, Финляндия, Швейцария, Ағылшын, Америка қошаметпен қарсы алды. 1984 жылы театр өзінің 50-жылдығының қарсы алдында «Құрмет белгі» орденімен марапатталды. Театр репертуарына 50-ші жылдары енген Ж. Асимов пен А. Садыротың «Анарханы», В. Дъяков пен И. Саттаровтың «Герип-Санамы» осы күнге дейін көрермендердің көңілінен шығатын классикалық қойылымдарына айналды. Сонымен