1-сынып.Театр тарихы, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 6, 7
Тақырыбы: «Ресей» театры
Театрдың алғаш құрылуы 18 ғасырдағы Ресей ұлттық мәдениетінің гүлденуімен, кәсіби актерлер өнерімен және орыс опера музыкасының қалыптасуымен байланысты болды. 1776 ж. Мәскеудің губ. прокуроры князь П.В. Урусов пен антрепренер М.Г. Медокс Мәскеу ресейлік театрының тұрақты труппасын құрды. Сол жылдан бастап спектакльдер Знаменкадағы граф Р.И. Воронцовтың үйінде қойыла бастады.1780 ж. театр Петровка көшесінде (қазіргі Үлкен театрдың орнында) салынған ғимаратқа көшіп, “Петров театры” немесе “Опера үйі” деп аталды да, мұның өзі Мәскеу қаласындағы түңғыш тұрақты театр болды. Театрдың алғашқы актерлері: И.И. және Н.Ф. Калиграф, Г.В. Базилевич, М.С. Синявская, И.М. Соколовская, А.Г. Ожогин, Е.С. Сандунова, т.б. Театр репертуарынан орыс (В.А. Пашкевич, М.М. Соколовский, Е.И. Фомин), сондай-ақ шет ел (В.А. Моцарт, Дж. Перголези, А.Гретри) композиторларының шығармалары орын алды.1805 ж. театр ғимараты өртеніп, 1825 жылға дейін театр труппасы (1806 ж. мемл. театрға айналды) әр түрлі орындарда ойын көрсетіп жүрді. Үлкен театрдың осы күнгі ғимараты (А.А. Михайловтың жобасы бойынша; арх. О.И. Бове) 1824 ж. салынды. Театр шымылдығы 1825 ж. 18 қаңтарда А.Н. Верстовский мен А.А. Алябьевтің “Музалар салтанаты” атты прологымен ашылды. Осы жылдары театр репертуарында орыс композиторларының шығармалары кеңінен орын алды. Әсіресе, М.И. Глинканың “Иван Сусанин” (1842) және “Руслан мен Людмила” (1846), А.С. Даргомыжскийдің “Су перісі” (1859) операларының қойылуы театр өміріндегі тарихи кезең болды. Олар сахналық-вокалдық өнердегі реалистік принциптің дамуына зор ықпал етті.
Тапсырма: Алғашқы орыс драматургтері туралы оқып дәптерге жаз.