Top
a

Музыка бөлімі

5 СЫНЫП. Сольфеджио  № 2 САБАҚ Тақырыбы: Квинталық шеңбер Тональдіктегі кілттік белгілер: До мажор – ля минор кілттік белгісі жоқ.Соль мажор – ми минор кілттік белгісі: фа диезРе мажор – си минор кілттік белгілері: фа диез, до диезЛя мажор – фа диез минор кілттік белгілері: фа диез, до диез, соль диезФа мажор – ре минор кілттік белгісі: си бемольСи бемоль мажор – соль минор кілттік белгілері: си бемоль, ми бемольМи бемоль мажор – до минор: си бемоль, ми бемоль, ля бемольМи мажор  - до диез минор : фа#, до #, соль #, ре # Ля бемоль мажор –

  5 СЫНЫП. Сольфеджио  № 1 САБАҚ Тақырыбы: № 15 Жаттығу    Л. Жуманова. Жаттығуға талдау жұмыстарын жүргіземіз. Кілттік белгісі си бемольӨлшем 4/4 Ля нотасынан басталып, ре нотасымен аяқталып тұрТональдігі ре минорНота ұзақтығына назар аударсақ: сегіздік, төрттік, жартылық, төрттік нота нүктесімен сегіздік ноталар Жаттығуды талдап болған соң, нотаға қарап мүмкіндік болса, аспаптың сүйемелдеуімен жаттығуды бірнеше рет әндетіп айтамыз. Үйге тапсырма: № 15 жаттығуды жаттау

4 сынып, сольфеджио   № 2 сабақ Тақырыбы:D7 доминантсептаккорд және оның құрылымы. D7 ережесі: -Терция арқылы орналасқан  төрт дыбыстан тұратын  аккордты септаккорд деп атаймыз. -Септаккорд деп аталу себебі, оның шеткі дыбыстары септима аралығын   құрайды. Музыкада септаккордтың көптеген түрлері қолданылады. Ең көп тарағаны мажор мен гармониялық минордың V басқышында құрылатын септаккорд. Оның аты  Доминантсептаккорд деп аталады. Доминантсептаккорд мажорлы үшдыбыстылық пен жоғарыдан қосылған кіші терциядан құралады (ү3+к3+к3). Доминантсептаккордтың дыбыстары, негізгі дыбыстан бастап санағанда, прима, терция, квинта, септима деп аталады. Үй тапсырмасы: Доминантсептаккорд ережесін жаттау.                       

№ 1 сабақ Тақырыбы: Үшдыбыстылықтың түрлері Жалпы музыкада үшдыбыстылықтың 4 түрі бар: Мажорлы үшдыбыстылық : ү3+к3Минорлы үшдыбыстылық:  к3+ү3Кішірейтілген үшдыбыстылық: к3+к3Үлкейтілген үшдыбыстылық: ү3+ү3 Үйге тарсырма: Үшдыбыстылық түрлерінің тондық құрамын жаттау. № Үшдыбыстылықтың түрлері Тондық құрамы 1 Маж  5/3 Ү3+К3 2 Мин  5/3 К3+ Ү3 3 Кіш   5/3 К3+К3 4 Үлк   5/3 Ү3+Ү3

3- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті № 1 сабақ Тақырып: Ф. Шопен Өмірі және шығармашылығы      Фредерик Франсуа Шопен поляк композиторы, пианиношы, поляк ұлттық классикалық музыканың негізін салушы. Композитор 1810 жылы 1 наурызда Варшава маңындағы Желязова-Воля мекенінде дүниеге келіп, 1849 жылдың 17 қазанында Париж қаласында қайтыс болды. Оның әкесі Никол (Миколай) Шопен - француз эмигранты, гувернер және мектеп мұғалімі болып қызмет атқарған, ал анасы  дворян отбасында тәрбиеленген. Туған апасының ықпалымен Фридерик жастайынан музыкамен шұғылдана бастайды. 7 жасында фортепианода  ойнауды чех музыканты В.Живныйдан, ал 12 жасында поляк композиторы Ю.Эльснерден үйреніа, тәлім алады. Ол 7 жасында фортепианоға

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 7 Тақырып:  А.Н.Скрябин.  Шығармашылығы                                                 Скрябиннің музыкасы композиторлық техника тұрғысынан алғанда Жаңа Вена мектебінің өкілдерінің музыкасына жақын. (Шенберг, Берг, Вебер) Композиторды отпен байланысты тақырыптар қызықтырды: оның шығармаларында көбіне от, жалын, жарық  сөзі жиі қолданылды.  Композитор дыбыс пен жарықты қосу мүмкіншілігін іздеді.                                                                                                                           Композитордың алғашқы шығармаларына – этюдтер, мазуркалар, сонаталар, экспромттар, полонездер, фортепиано мен оркестрге арналған концерті жатады. Симфониялық оркестрге арналған ірі шығармаларына 3 симфониясы жатады: 1 симфониясы 1900 жылы, 2 симфониясы 1902 жылы, 3 симфониясы 1904 жылы жазылды.  1899 жылы композитордың ең ірі симфониялық шығармалары жазылды. Оның ішіндегі үздіктері: «Божественная поэма», «Поэма экстаза», «Прометей».       «Прометей» симфониялық поэмасының партитурасына

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 6 Тақырып:  А.Н.Скрябин. Өміржолы.                                                Скрябин Мәскеу университетінің студентінің, кейін белгілі дипломат және стат кеңесшісіне айналған Николай Александрович Скрябиннің (1849—1915) отбасында, Кирьяковтардың қалалық бекінісінде дүниеге келген. Болашақ композитордың әкесінің дворян тұқымынан болса да дәулетті болған емес. Скрябин бес жасында фортепианода ойнай білді, кейін оның бойында композицияға деген қызығушылық туды, бірақ отбасылық дәстүр бойынша ол 2-ші Мәскеу кадет корпусына оқуға түседі де оны 1888 жылы аяқтап шығады.  Композитор Скрябиннің әулеті XIX ғасырдың басынан бастап белгілі, олардың отбасынан көп әскери тұлғалар шыққан еді. Өзін музыкаға арнауды шешіп, Скрябин Георгий Эдуардович Конюстен, кейін Николай Сергеевич Зверевтен (фортепиано) және

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 5 Тақырып:  В.С.Калинников.Өмірі мен шығармашылығы                                               В.С.Калинников – орыс композиторы, дирижер, педагог. 1870 жылы Орлов губерниясының Воины ауылында дүниеге келген. 1884 жылы Москва консерваториясының дайындық класына оқуға түседі, бірақ төлеу мүмкіндігі болмай оқудан шығып қалады. Скрипка, фагот, литаврда ойнап үйренеді. 1892 жылдан Кіші театрда дирижерлік қызмет атқарды. Дирижерлік қызметпен қатар ол теория негіздерінен де дәріс берді.   Москва консерваториясының негізін салушылардың бірі. Композитор шығармашылығында көбіне хорға арнап жазды, орыс халық әндерін өңдеді және балаларға арнап көптеген әндер жазды. 1897-1923 жылдары Москва училищесінде, кейін Москва консерваториясында дәріс береді. 1893 жылы композитордың денсаулығы күрт нашарлайды. Денсаулығын түзеуге ол

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 4 Тақырып:  К.Лядов.Өмірі және шығармашылығы           Анатолий Константинович Лядов - орыс композиторы, дирижер, оқытушы, музыкалық және қоғам қайраткері. 1855 жылы 11 мамырда Санкт-Петербургте дүниеге келді. Анатолий Константинович - кәсіби музыканттар отбасының тумасы (оның әкесі ғана емес, композитордың ағасы мен атасы да өз заманының танымал дирижерлері болған), ол музыка әлемінде ерте кезден тәрбиеленді. Ол музыкалық сабағын әкесінің басшылығымен бастады, анасы ерте қайтыс болды. Лядовтың дарындылығы оның музыкалық талантымен ғана емес, сонымен бірге керемет сурет салу  қабілетімен, ақындық шығармашылығымен де көрінді. 1867-1878 жылдары Лядов Санкт-Петербург консерваториясында профессор Джохансенмен сыныбында теория мен гармонияны меңгерсе,  Федор Бегров пен

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 3 Тақырып:  Г.В.Свиридов. Өміржолы.            Георгий Свиридов - орыстың кәсіби музыка өнеріне зор үлес қосқан ірі қайраткер, пианист жіне композитор. 1915 жылдың 3 желтоқсанында Курск губерниясында пошта қызметкерінің отбасында дүниеге келді. Композитор бала кезінде әдебиетпен шұғылданады. Рояль аспабында ол 9 жасынан бастап үйренеді. Кейін оның қызығушылығы балалайка аспабына ауысады. Ерекше музыкалық қабілетінің арқасында ол халық аспаптар ансамбліне қабылданады. 1929-1932 жылдар аралығында композитор музыка мектебінде оқиды. Қазіргі уақытта аталған мектепке Г.Свиридовтың аты берілген.  1932 жылы композитор Ленинград қаласына көшіп, Орталық музыкалық техникумында фортепиано мен композициядан сабағын жалғастырады. Осы техникумды 1936 жылы аяқтайды. 1936-1941 жылдар аралығында ол Ленинград консерваториясында оқиды. 1937 жылы композиторлар одағына мүше болады. 1941