Top
a

5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 4

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті.

Сабақ № 4

Тақырып:  К.Лядов.Өмірі және шығармашылығы     

     Анатолий Константинович Лядов — орыс композиторы, дирижер, оқытушы, музыкалық және қоғам қайраткері. 1855 жылы 11 мамырда Санкт-Петербургте дүниеге келді. Анатолий Константинович — кәсіби музыканттар отбасының тумасы (оның әкесі ғана емес, композитордың ағасы мен атасы да өз заманының танымал дирижерлері болған), ол музыка әлемінде ерте кезден тәрбиеленді. Ол музыкалық сабағын әкесінің басшылығымен бастады, анасы ерте қайтыс болды. Лядовтың дарындылығы оның музыкалық талантымен ғана емес, сонымен бірге керемет сурет салу  қабілетімен, ақындық шығармашылығымен де көрінді. 1867-1878 жылдары Лядов Санкт-Петербург консерваториясында профессор Джохансенмен сыныбында теория мен гармонияны меңгерсе,  Федор Бегров пен Николай А. Дубасовтан фортепиано ойнауды меңгереді. Ал 1874 жылдан бастап  Н. Римский-Корсаковтың сыныбында композиция негіздерін оқиды.  1876 жылы консерваториядан оқудан шығып қалады. 2 жылдан соң оқуға қайта оралып, сол жерде сабақ бере бастайды. Композитордың шығарамаларының көп бөлігін фортепианоға арнады:  «Бирюльки», «Арабески», «Идиллия», прелюдиялары, вальстері.

      Шығармаларының ішіндегі ең танымалдары ол симфониялық поэмалары: «Баба-Яга»«Волшебное озеро», «Кикимора», «Танец Амазонки», «Скорбная песнь», «Из Апокалипсиса», сонымен қоса оркестрге арналған «Восемь русских песен» сюитасы.

      Лядов –фольклоршы. Ол халық әндерінен тұратын бірнеше жинақтарын жазды. Композитор Петербург консерваториясын аяқтай салысымен мұғалімдік қызметке қалады және өмірінің соңына дейін қызметін тоқтатпайды.

Шәкірттері : Б. В. АсафьевМ. Ф. ГнесинН. Я. МясковскийС. С. Прокофьев

В. М. БеляевИ. И. ЧекрыгинА. В. Оссовский,   А. А. ОленинС. М. Майкапар  және т. б.                        

Лядов 1914 жылы 28 тамызда қайтыс болды.

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу.