Top
a

5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 6

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті.

Сабақ № 6

Тақырып:  А.Н.Скрябин. Өміржолы.                                      

         Скрябин Мәскеу университетінің студентінің, кейін белгілі дипломат және стат кеңесшісіне айналған Николай Александрович Скрябиннің (1849—1915) отбасында, Кирьяковтардың қалалық бекінісінде дүниеге келген. Болашақ композитордың әкесінің дворян тұқымынан болса да дәулетті болған емес. Скрябин бес жасында фортепианода ойнай білді, кейін оның бойында композицияға деген қызығушылық туды, бірақ отбасылық дәстүр бойынша ол 2-ші Мәскеу кадет корпусына оқуға түседі де оны 1888 жылы аяқтап шығады.  Композитор Скрябиннің әулеті XIX ғасырдың басынан бастап белгілі, олардың отбасынан көп әскери тұлғалар шыққан еді. Өзін музыкаға арнауды шешіп, Скрябин Георгий Эдуардович Конюстен, кейін Николай Сергеевич Зверевтен (фортепиано) және Сергей Иванович Танеевтен (музыка теориясы) пәндерінен жеке сабақ алып отырды. Кадет корпусының соңғы курсында оқи жүріп Скрябин Москва консерваториясының фортепиано және композиция  сыныбына оқуға түседі. Кадет корпусын аяқтап, Скрябин Мәскеу консерваториясының фортепиано класына Василий Ильич Сафонов пен Антон Степанович Аренскийдің композициялық класына оқуға түседі. Аренскиймен сабақтары еш нәтиже көрсетпеді, сол себепті 1891 жылы Скрябин композиция класынан үлгерімінің нашарлығына байланысты шығып қалады, бірақ соған қарамастан, ол фортепиано бойынша курсты керемет аяқтап, бір жылдан кіші медальмен марапатталды . 1897 жылы шет елдерге концерттермен іссапарға барады. Ал 1898 жылы ол отбасымен Ресейге қайтады және Москва консерваториясына профессорлық қызметке шақырту алады. 1903 жылдан шығармашылықпен айналысу үшін ол ұстаздық қызметін тоқтатады. 1910 жылға дейін композитор шетелдерде пианист ретінде концерттер береді. Москвадағы композитордың соңғы концерті 1915 ж. Петроград консерваториясының Кіші залында өтті. 1915 жылдың 27 ақпанында Москвадағы үйінде 43 жасында  қайтыс болады.

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.