Top
a

5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 7

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті.

Сабақ № 7

Тақырып:  А.Н.Скрябин.  Шығармашылығы                                      

          Скрябиннің музыкасы композиторлық техника тұрғысынан алғанда Жаңа Вена мектебінің өкілдерінің музыкасына жақын. (Шенберг, Берг, Вебер) Композиторды отпен байланысты тақырыптар қызықтырды: оның шығармаларында көбіне от, жалын, жарық  сөзі жиі қолданылды.  Композитор дыбыс пен жарықты қосу мүмкіншілігін іздеді.                                                                                                                 

         Композитордың алғашқы шығармаларына – этюдтер, мазуркалар, сонаталар, экспромттар, полонездер, фортепиано мен оркестрге арналған концерті жатады. Симфониялық оркестрге арналған ірі шығармаларына 3 симфониясы жатады: 1 симфониясы 1900 жылы, 2 симфониясы 1902 жылы, 3 симфониясы 1904 жылы жазылды.  1899 жылы композитордың ең ірі симфониялық шығармалары жазылды. Оның ішіндегі үздіктері: «Божественная поэма», «Поэма экстаза», «Прометей».

      «Прометей» симфониялық поэмасының партитурасына композитор тұңғыш рет жарыққа арналған партия  енгізді. Соның нәтижесінде музыка тарихында жарықты қолданған алғашқы композитор болды.

      Скрябиннің орыс және әлемдік музыка тарихындағы ерекше орны ең алдымен оның жеке шығармашылығын нәтижесі ретінде емес,  үлкен мақсаттарға жетудің құралы ретінде қарастыруымен анықталды.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.